Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Көктемнің осынау шаттыққа толы мерекесі жайма-шуақ жылылығымен тіршілік атаулыны оятып, әлемді сұлулық пен жүректерді жақсылыққа толтырады.

Көктемнің шырайлы мерекесі – сіздердің жарқын жетістіктеріңізді және компаниядағы әйелдер көшбасшылығы мен гендерлік теңдіктің маңызын атап өтетін тамаша мүмкіндік. Бүгінгі таңда «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобында 9 мыңнан аса әйел қызмет етеді. Компанияның телеграм арнасында кейбір аяулы әріптестеріміздің ерен еңбегі туралы жазған болатынбыз. Кәсіби біліктілігімен қатар, әріптестеріне үлгі болып, жол бастап жүрген көшбасшы тұлғалардың барын мақтан тұтамыз.

Құрметті арулар, сіздер еліміздің тұрақты дамуы үшін аянбай еңбек етіп, жұмыста белсенділік танытып, компанияның корпоративтік өміріне араласып, жоғары жауапкершілік көрсетіп келесіздер. Әрқайсыңызға белсенді ұстанымыңыз үшін, компания мақсаттарына адал болғаныңыз үшін, сондай-ақ «ҚазМұнайГаздың» өркендеуіне қосқан үлесіңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақытты ғұмыр, кәсіби қызметтеріңізге табыс тілеймін! Қолға алған әрбір істеріңізге сәттілік серік болсын!

Ізгі ниетпен,

Мағзұм Мырзағалиев,

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>