Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Батуми портында ауыстырып тиелетін қазақстандық газдың көлемі биылғы тоғыз айда 23%-ға артты

26.10.2023

2023 жылдың 9 айында «Батуми мұнай терминалы» жауапкершілігі шектеулі қоғамы (қатысу үлесі 100% «ҚазТрансОйл» АҚ тиесілі) мен «Батуми теңіз порты» жауапкершілігі шектеулі қоғамында (100% акциясын басқаруға айрықша құқығы бар) жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 2 млн 570 мың тоннаны құрады.

Атап айтқанда, мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 86 мың тоннаны құрады. 961 мың тонна мұнай өнімдері ауыстырылып тиелді. Есепті кезеңде қазақстандық газды ауыстырып тиеу көлемі 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы 135 мың тонна көрсеткіштен 166 мың тоннаға дейін өсті (23%-ға арттырды). Құрғақ жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 357 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42 мың тоннаға артық.

«ҚазТрансОйл» АҚ «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (БМТ) арқылы Грузиядағы өндірістік активтерге тікелей иелік етеді және басқарады. БМТ мұнайды, мұнай өнімдерін және газды, сондай-ақ олардың өңделген өнімдерін қайта тиеу, айдау, сақтау бойынша өз айлақтарын, технологиялық құбырларды және резервуарларды пайдалана отырып қызмет көрсетеді. БМТ-ның бәсекелестік артықшылығы сонда – ол мұнай мен мұнай өнімдерінің әртүрлі түрлерін (соның ішінде сұйытылған мұнай газын) сақтай алады және қайта тиейді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>