Қазақстандық кадрлар мен жергілікті жеткізушілер: Полиэтилен жобасы Атырау облысы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
03.12.2024
«Силлено» ЖШС (жоба операторы) және Tecnicas Reunidas (ЕРС мердігер компания) қуаты жылына 1 млн 250 мың тонна полиэтилен өндіру бойынша өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.
Жоба Атырау облысында арнайы экономикалық аймақ аумағында орналасады. Бұл Қазақстанның мұнай-химия саласын дамытудағы маңызды қадам болмақ.
Меморандум жобада отандық мамандар мен өнімдердің үлесін арттыруға бағытталған ынтымақтастықтың қосымша аспектілерін бекітеді. Атап айтқанда, Tecnicas Reunidas Қазақстанда ТМД бойынша негізгі өңірлік орталық болатын кеңсе ашуға, сондай-ақ қазақстандық мамандарды тарта отырып, жергілікті сараптаманы дамытуға дайын екен білдірді.
Мердігер ұйымдар мен қосалқы мердігерлердің жұмысқа жергілікті персоналды тартуына ерекше мән берілетін болады. Мақсат — жобаның құрылыс жұмыстарындағы қазақстандық мамандардың санын 95%-ға жеткізу. Сондай-ақ, өңірдегі кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында жергілікті мамандар үшін кешенді оқыту бағдарламасы қарастырылған.
Меморандумда отандық тауар өндірушілер мен жеткізушілерге қойылған техникалық талаптар, көрсетілген бюджет пен мерзімді сақтаған жағдайда жұмыстарды орындау барысында, құрылыс кезінде артықшылық беру көзделген.
Сонымен қатар, Tecnicas Reunidas Қазақстанда мұнай-химия өндірістерін жобалауда жергілікті мамандарды тарту арқылы толыққанды инжиниринг орталығын ашу және компанияның ҚР нарығында одан әрі даму мүмкіндігін бағалап, зерделейтін болады.
Аталған меморандум — жобаны іске асырудағы маңызды қадамдардың бірі. Бұл жоба Қазақстанда полиэтилен өндірісінің өсуіне ықпал етіп қана қоймай, елдің халықаралық мұнай-газ-химия нарығындағы позициясын нығайтады.
Еске сала кетсек, 2024 жылы 11 қыркүйекте құрылыс жұмыстарының ресми басталу рәсімі өтті, оған жоба акционерлері — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Сибур Холдинг» ЖАҚ және SINOPEC OVERSEAS INVESTMENT HOLDING PTE. LTD компаниялары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Ал 2024 жылы 18 қыркүйекте «Силлено» ЖШС мен Tecnicas Reunidas газ-химия кешенінің негізгі қондырғыларының бірі — пиролиз қондырғысын салуға келісімшартқа қол қойған болатын.
Анықтама:
Tecnicas Reunidas — құрылыс және жобаларды басқарумен айналысатын халықаралық EPC-компания. Ол мұнай-газ химиясы және басқа да салаларда техникалық-экономикалық негіздеме, индустриалды нысандарды жобалау, сатып алу және салуды қоса алғанда инжиниринг қызметтерінің толық түрін ұсынады.