Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Полиэтилен өндіретін зауыт салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы

23.01.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (әрі қарай – ҚМГ немесе Компания) БАҚ-тағы соңғы жарияланымдарға және келіп түскен сұрауларға байланысты «Қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт салу» мұнай-газ-химия жобасын (бұдан әрі-полиэтилен жобасы) іске асыру туралы келесі ақпаратты жариялайды.

Полиэтилен жобасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсім» ұлттық жобасы аясында іске асырылуда. Аталған жоба сондай-ақ ҚМГ-нің қосылған құн тізбегінің тиімділігін арттыру, бизнесті әртараптандыру және көмірсутек шикізатынан өндірілетін өнімдер портфелін кеңейту секілді ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына сай келеді.

ҚМГ мен Қазақстанның мұнай-газ саласының негізгі міндеттерінің бірі – кері айдалатын ілеспе газды, әсіресе ірі мұнай-газ жобаларындағы (Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ) газды қайта өңдеу және коммерцияландыру. Осы салада Қазақстанда бірқатар жоба іске асырылып жатыр, соның ішінде Теңіз кен орнындағы газдан пропан (полипропилен өндірісі), этан (полиэтилен өндірісі) және бутан (бутадиен өндірісі) өңдеу, сондай-ақ Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыттарын салу.

Қазіргі таңда Атырау облысында Қарабатандағы арнайы экономикалық аймақ аумағында Теңіз кен орнына жақын жерде орналасқан полипропилен өндіру зауыты салынып, іске қосылды. ҚМГ бұл кәсіпорынның 49,5%-на иелік етеді.

Полиэтилен жобасын да осында орналастыру жоспарда.

Жобаның шикізат өндірісіне жақын жерде тиімді орналасуынан бөлек, бәсекеге қабілетті болуының басты факторларына – (1) шикізат құрамында этан фракцияларының деңгейі жоғары болуы (14% дейін), (2) шикізат құны, (3) инфрақұрылым шығындарын бірнеше жобалар арасында бөлу арқылы арзандату, (4) орналасуы және негізгі нарықтарға қолжетімділігі, (5) ҚМГ-нің өңдеу өндірістерін салу және модернизациялау бойынша ауқымды жобаларды іске асырудағы көпжылдық тәжірибесі мен сараптамасы жатады.

Полиэтилен – газ, ыстық және суық сұйықтыққа арналған құбырлар, барлық маркалы пленкалар (тамаққа арналған, орау материалдары, пакеттер және т.б.), үлкен және кіші мөлшердегі әртүрлі контейнерлер, түптабан, қораптар және басқа да өнімдер өндірісінде қолданылатын негізгі шикізат.

Дайын өнімді ішкі нарықпен қатар, экспортқа шығару жоспарлануда. Ішкі нарықтың сыйымдылығы жыл сайынғы 4% өсіммен жылына 180 мың тоннаға жетеді. Көздеген экспорт нарықтарына ТМД мемлекеттері, Қытай, Түркия және Еуропа елдері кіреді. Бұл елдерде де полиэтиленге сұраныс өседі деп күтілуде, оның ішінде импорт есебінен артады. Қазақстан Азия мен Еуропаның көлік дәліздерінің қиылысында орналасқан, тиімді сауда-экономикалық және стратегиялық позицияларға ие.

Қазіргі уақытта халықаралық стандарттар бойынша полиэтилен жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды, ал биыл жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді деп күтілуде.

Саладағы әлемдік көшбасшылар Chevron Phillips Chemical және Univation Technologies компанияларымен сәйкесінше MarTECH® ADL және UNIPOL™ PE Process технологияларымен полиэтилен өндіру бойынша лицензиялық келісімдерге қол қойылды, бұл өнімдердің көп түрін, соның ішінде бүкіл әлемде тұрақты жоғары сұранысқа ие жоғары тығыздықтағы премиум полиэтиленді өндіруге мүмкіндік береді.

Жобаның техникалық күрделігін, көп капиталды қажет ететінін және басқа да бірқатар факторларды ескере отырып, полиэтилен жобасын саланың басқа ойыншыларымен серіктестікте жүзеге асыру жоспарланып отыр, бұл барлық қатысушы үшін тиімді болмақ.

Полиэтилен жобасын қаржыландыру мәселесі пысықталып жатыр, ол қарыз бен компанияның өз қаражатын тартуды көздейді.

Полиэтилен жобасы жүзеге асырудың алғашқы сатыларында және ол бойынша түпкілікті инвестициялық шешім барлық объективті факторларды, оның ішінде өтелімділігі мен экономикалық тұрақтылығын ескере отырып қабылданатын болады. Экономикалық тұрақтылығын бағалау үшін ҚМГ-де инвестициялық жобалардың ең төменгі кірістілігі мен өтімділігіне қойылатын талаптар бар.

Полиэтилен жобасын іске асыру ел үшін айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық пайда әкеледі. Зауыт өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететін болады. Атап айтқанда, құрылыс кезеңінде шамамен 8 000 жұмыс орны, ал пайдалану кезеңінде – 875 тұрақты орын ашылатын болады. Елдің ІЖӨ-сіне қосатын үлесі 1,2% деңгейінде бағаланады.

Оң шешім қабылданған жағдайда полиэтилен жобасын іске асыру компания бизнесінің тиімділігін арттыруға және әртараптандыруға, сондай-ақ технологиялық және жоғары маржалық өнім шығару есебінен тұтастай алғанда ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға мүмкіндік береді.

ҚМГ компанияның қызметі туралы коммерциялық құпияға жататын немесе түпкілікті шешім қабылданбаған жобалар туралы ақпарат жалпыға жария бола алмайтынын атап өтті. ҚМГ ҚР заңнамасына, сондай-ақ AIX және KASE (жай акциялар мен еурооблигациялар) немесе LSE (еурооблигациялар) қор биржаларының ережелеріне сәйкес өз қызметі туралы барлық маңызды ақпаратты ашық жариялайды. Болашақта Компания талап бойынша реттелген ақпараттан тыс мәліметті жарияламау құқығын өзіне қалдырады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>