«Полиэтилен» жобасы: Қазіргі жағдай
05.02.2025
Қазіргі жағдай (қаңтар 2025):
Инженерлік дайындық жұмыстары 32% орындалды (жоспар бойынша – 22%)
Негізгі учаскелерді тегістеу жұмыстары аяқталды (пиролиз, полимеризация, логистикалық кешен)
Энергетикалық ресурстарға техникалық шарттар алынды (электр энергиясы, сумен жабдықтау)
Орындалған жұмыс көлемі:
Топырақтың құнарлы қабатын алу – 2,6 млн м²
Топырақты өңдеу – 510 мың м³
Топырақты кері төгу – 476 мың м³
Келесі қадамдар:
- Зауыттың жалпы шаруашылық аймағында топырақты өңдеу және кері төгу жұмыстары жалғасуда.
- Зауытішілік және сыртқы жолдар құрылысы
- Құрылыс алаңын EPC-мердігерлерге тапсыру
Жоба туралы:
Жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт
Инвестиция көлемі – $7,4 млрд
Құрылыс кезеңінде шамамен 8000 жұмыс орны, ал іске қосылғаннан кейін 800 жұмыс орны ашылады.
- 20-дан астам полиэтилен маркасын өндіреді деп жоспарлануда, оның 40%-ы премиум санатқа жатады
- Операторы – «Силлено» ЖШС
Жоба импортқа тәуелділікті төмендетуге, жергілікті өндірісті дамытуға, елдің экспорттық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласын дамытуға ықпал етеді.
Анықтама:
Полиэтилен – тұрмыста, өнеркәсіпте де кеңінен сұранысқа ие құбырлар, қаптама материалдары, автобөлшектер, медициналық жабдықтар және басқа да тауарларды өндіруде қолданылатын әмбебап материал.