Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ қарасты мұнай сервис ұйымдарында «Сапарларды басқару» жүйесі іске қосылды

08.10.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының өндірістік процестерін цифрландыру аясында мұнай сервис ұйымдарында — «Oil Services Company» ЖШС, «Oil Construction Company» ЖШС және «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-де «Сапарларды басқару» ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Жүйе кезең-кезеңмен енгізілді:

  • өтінім беру және тапсырма жоспарын қалыптастыру процестері цифрландырылды;
  • есепке алу жүйелерімен интеграциялау жүргізілді;
  • деректерді талдау модулі және көлік қозғалысы қауіпсіздігін онлайн мониторингілеу іске қосылды. Негізгі нәтижелер:
  • Өтінімдерді рәсімдеу уақыты 5 сағаттан 2 сағатқа дейін қысқарды;
  • Қағаз құжаттарының саны 4-тен 1-2 бірлікке дейін азайды;
  • Кен орындарында қауіпсіз қозғалыс мәдениетін көтеру үшін орын алған оқиғалар туралы онлайн хабарламалар алу функциясы жүзеге асырылды.

Жалпы, цифрлық жоба – бірыңғай автоматтандырылған платформа арқылы көлікті басқару процестерінің тиімділігін арттырды. Бұл операциялық жұмысты жеңілдетіп, қағаз құжат айналымын азайтты және күнделікті операциялар санын қысқартты.

Айта кетейік, тәжірибе алмасу үшін мұнай сервис ұйымдарының 57 қызметкері «Ембімұнайгаз» АҚ-да тағылымдамадан өтті. Аталған компанияда осындай жүйе іске қосылып, өзінің тиімділігін дәлелдеген болатын. 2026 жылы жүйені ҚМГ-ның басқа еншілес компанияларына ауқымды енгізу жоспарлануда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>