Өңірлердегі әлеуметтік жобалар: Шымкент мұнай өңдеу зауыты спорт кешенінің құрылысын бастады
12.08.2025
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің (ПҚОП, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы) қолдауымен Шымкент қаласында зауытқа жақын орналасқан Бадам-1 тұрғын алабында 300 адамға арналған жаңа жабық әмбебап спорт кешені салына бастады. Осылайша, компания қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға өз үлесін қосып келеді.
Жаңа нысанда аудан тұрғындары үшін спортпен айналысуға, жаттығу мен жарыстар өткізуге қолайлы жағдай жасалады. Кешенде баскетбол, волейбол және шағын футболға арналған алаң, жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелері бар шаруашылық-әкімшілік корпус, сондай-ақ көлік тұрағы көзделген. Жалпы, нысан бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру үшін заманауи талаптарға сай болады.
Зауыттың бұл бастамасы салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған және осында барлық жастағы қала тұрғындары спортпен шұғылдана алады.
ҚазМұнайГаз әлеуметтік жауапты компания ретінде өзінің қызметін жүргізетін өңірлерде әлеуметтік жобаларды үнемі жүзеге асыруда.