Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаздың ірі мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері жаңа Конституция жобасын қолдады

18.02.2026

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының делегациясы Шымкент мұнай өңдеу зауытында болып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті.

Зауыт қызметкерлеріне еліміздің жаңа Ата Заңының негізгі баптары түсіндірілді. Мәжіліс спикері Е.Қошанов жаңа Конституция жобасы Қазақстанның стратегиялық даму бағытын айқындайтынын атап өтті. Негізгі басымдықтарды конституциялық деңгейде бекіту — экономиканың өсуіне және ұлттық бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға тұрақты жағдай жасайды. 

Делегация мүшелері жаңа Конституция жобасында адами капиталдың дамуы, яғни білім, ғылым және инновациялар жоғары стратегиялық басымдық ретінде алғаш рет бекітіліп отырғанын айтты. Ұлтымыздың интеллектуалды әлеуеті қазіргі экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр. 

Кездесуде экология мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мұнай өңдеу саласы үшін табиғатты қорғау – басты басымдықтардың бірі. Жаңа Конституция жобасында жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқығы белгіленген. Бұл заңнаманы одан әрі дамытуға мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттің, кәсіпорындардың және қоғамның болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтап қалу жауапкершілігін арттырады.

Зауыт ұжымы конституциялық реформаның маңызын айрықша атап өтіп, биыл 15 наурызда өтетін референдумға қолдау білдірді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>