Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

А. Хасенов: ПҚОП-тың тұрақты әрі сенімді жұмысы аса маңызды

10.07.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов өңірге сапары барысында Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ПҚОП ЖШС) жиын өткізді. Кездесуде талқыланған негізгі мәселелердің бірі – кәсіпорынның қуатын арттыру жобасы болды.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында зауытта 2,5 млн тоннадан астам мұнай өңделіп, 919 мың тоннадан астам бензин, 755 мың тонна дизель отыны, 143 мың тонна авиакеросин, 141 мың тонна сұйытылған газ, 344 мың тоннадан астам мазут және шамамен 5,1 мың тонна күкірт өндірілді.

«Шымкент мұнай өңдеу зауытының тұрақты әрі сенімді жұмысы ішкі отын нарығын, әсіресе халық тығыз қоныстанған оңтүстік өңірді әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады», - деп атап өтті А.Хасенов.

Жиын барысында ҚМГ басшысы ПҚОП ЖШС басшылығының алдына мұнай өнімдерінің негізгі түрлері бойынша өндірістік жоспарды орындау, технологиялық жану мен жоғалтуды азайту, сондай-ақ операциялық шығындарды қысқарту бойынша міндеттер қойды.

Ұлттық компания басшысы серіктес СNPC компаниясымен ПҚОП қуатын арттыру жобасы аясында алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені түзету жұмысын тезірек аяқтау бойынша қол жеткізілген уағдаластық туралы хабардар етіп, жобаның елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Жақында өткен кездесулер барысында қытай компаниясының басшылығы бастаманы жүзеге асыру бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайындығын растады.

А.Хасенов сондай-ақ Шымкентке сапарында қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен өткен кездесуде зауыттың өңірдегі әлеуметтік жобаларды іске асыруға атсалысуына қатысты мәселелерді талқылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>