Геологиялық барлау, мұнай-газ химиясы, мұнай сервисі және ЖЭК: ҚазМұнайГаз бен PetroVietnam ынтымақтастық перспективаларын талқылады
06.05.2025
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов вьетнамдық Petrovietnam Exploration Production Corp. компаниясының президенті Нгуен Тьен Баомен кездесті (PVEP, PetroVietnam тобына кіреді).
Инвестиция тарту және ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта Вьетнам серіктестері 2025 жылғы роуд-шоу қорытындысы бойынша ҚМГ-ның перспективті геологиялық барлау жобаларына қатысу мүмкіндіктерін зерттеп жатыр. Тараптар тәжірибе, технологиялармен алмасу және өзара тиімді ынтымақтастық мәселелеріне ден қойып, мұнай-газ химия жобаларын бірлесіп іске асыруға мүдделі екенін растады.
Сонымен қатар ұңғымаларды бұрғылау, күрделі және жерасты жөндеу бойынша көп жылдық тәжірибесін ескере отырып, ҚазМұнайГаз өзінің мұнай сервистік мекемелерін PetroVietnam-ның жобаларына атсалысуға ұсынды.
Кездесу барысында жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық бойынша да пікір алмасты.
— ҚазМұнайГаз PetroVietnam компаниясымен геологиялық барлау мен мұнай-газ химиясынан бастап мұнай сервисі мен жаңартылатын энергия көздеріне дейінгі негізгі бағыттар бойынша жан-жақты ынтымақтастыққа ашық. Бірлескен бастамаларды іске асыру екі ел арасындағы екіжақты өзара тиімді серіктестікті нығайтуға айтарлықтай серпін беретініне сенімдімін, — деді А.Хасенов.