Petrosun диханшыларға жеңілдікті дизель отын жеткізілімінің 60%-дан астамын қамтамасыз етті
08.11.2023
Қазақстан Республикасындағы егін жинау жұмыстары кезінде 2023 жылдың шілде-қазан айлары аралығында Petrosun компаниясы төмендетілген құнмен 186 368 тонна көлемінде дизель отынын жөнелтуін қамтамасыз етті. Бұл күзгі дала жұмыстарын (КДЖ) қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеткізуге жоспарланған 291 339 тоннаның 60 пайызынан астамын құрайды.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің (АШТӨ) қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арзандатылған мұнай өнімдерін жөнелту нақты ақы төленген өнімдер көлемі бойынша жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Қазіргі таңда 2023 жылдағы КДЖ үшін жеткізуге жоспарланған дизель отыны жалпы көлемінің үштен бірінен астамының төлемақысы әлі түскен жоқ.
Жеңілдікті дизель отынын жеткізу еліміздің аграрлық секторының өндірушілерін қолдау, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі бекіткен 2023 жылғы Күзгі дала жұмыстарына дизель отынын жеткізу бойынша облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына (МӨЗ) бекіту Кестесін, сондай-ақ 2023 жылғы Дәнді және майлы дақылдарды кептіруге жеткізу кестесін орындау аясында өңірлердегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында орындалады.
Petrosun компаниясының ресурстарынан арзандатылған мұнай өнімдерін жеткізілімдерінің ең көп көлемі Ақмола (37%), Қостанай (24%) және Солтүстік Қазақстан (11%) облыстарына жүзеге асырылды. Еліміздің оңтүстік өңірлеріне жеткізілімнің жиынтық көлемі 14% шегінде болды. Батыс аймақтарға жеткізу 4 пайыздан аспады.
Бұл ретте, бірқатар өңірлердегі операторлардың айтарлықтай бөлігі АШТӨ тарапынан сұраныстың төмендеуіне байланысты жеңілдікті дизель отынын жеткізуден бас тартты. Petrosun бұл фактілер туралы ҚР Энергетика министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарға хабарлады. МӨЗ-ді жүктен босату үшін операторлар келісілген мерзімде төленбеген көлемдердің күші жойылып, олар Қазақстанның ішкі нарығына сатылды.
Бүгінгі таңда Petrosun жалпы көлемі 7 712 тоннаны құрайтын 2023 жылдың қараша айына бекітілген Кестелер бойынша АШТӨ мен дәнді және майлы дақылдарды кептіру қажеттіліктері үшін ДО жеткізілімдерін іске асыруды жалғастыруда.
Мемлекеттік бағдарламаларды қолдау және жүзеге асыру Petrosun қызметі басымдықты міндеттерінің бірі болып табылады. Соңғы 3 жылда компания жеңілдетілген бағамен 1 270 000 тонна дизель отынын жөнелтті.
Демекші, ағымдағы күзгі дала жұмыстарына жеңілдікті баға — ҚР Энергетика министрлігі ұсынған дизель отынының құны МӨЗ-ден оператордың белгіленген пунктіне жеткізу құнының ескерілуімен, бір литріне 228,0 теңгені құрайды.
Анықтама үшін:
2012 жылдың қаңтарында құрылған «Petrosun» ЖШС «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ-тың және «Қазақстандағы ҚҰМК Интернационал» ЖШС-тің еншілес ұйымы болып табылады. Өзінің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Petrosun тұтынушыларға үлестіруге қатыспастан жеңілдікті дизель отынын жеткізуді қамтамасыз етеді. Өнімнің қозғалысын бақылау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығымен 2023 жылғы сәуірде жергілікті МӨЗ-де жеңілдікті отынға жеке ДСН-код енгізілді.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің нормаларында белгіленген мұнай өнімдерін өткізудің бірыңғай шарттары Petrosun ресми сайтында (https://petrosun.kz/) жалпыға қолжетімді жерде орналастырылған.