Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Petrosun әлеуметтік мазуттың ҚР аймақтарына жеткізілімін 42%-ға қамтамасыз етті

18.10.2023

2023 ж. қыркүйегінен бастап Petrosun ЖШС (42% «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на тиесілі) Қазақстанның өңірлеріне 22 420 тонна әлеуметтік мазут жеткізген (әлеуметтік-өндірістік нысандар мен мекемелердің қажеттіліктері үшін). Отынмен қамтамасыз етілгендік деңгейі 42%-ды құрады. Бұл ретте Қазақстанның үш МӨЗ-інде тағы 9140 тонна әлеуметтік мазут жөнелтетіні мәлімделген.

Petrosun отын жеткізілімін ҚР Энергетика министрлігі бекіткен «2023-24 жж. күзгі-қысқы кезеңде әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерге мазутты жеткізу үшін облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын мұнай және мұнай өнімдерінің негізгі ресурстарын ұстаушыларға бекіту кестесі» (бұдан әрі – Кесте) аясында және жергілікті атқарушы органдардың атаулы үлестіруіне сәйкес іске асыруда.

Өткен айда Petrosun Кестеде ескерілген қыркүйек айы көлемі шеңберінде мазуттың 94%-ға жеткізілуін қамтамасыз етті. Қазан айында айлық көлемнің 25%-ы жеткізілген. Міндеттемелер өңірлік операторлардан төлем түскенге қарай толығымен орындалатын болады.

Әлеуметтік мазутты алған алғашқылардың қатарында Қарағанды, Ақмола, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласы болды. Жеткізілген отын көлемі 12 180 тоннаны құрады.

Бүгінгі таңда мазутты өңірлерге жеткізу жалғасуда. Кесте бойынша қазан айына жоспарланған 30 430 тонна көлемнің 10 240 тоннасы жеткізілді.

2023 жылдың қарашасынан бастап 2024 жылдың ақпанына дейін Petrosun компаниясы Кестеде тағайындалған өңірлерге, атап айтқанда: Атырау (2 000 тонна), Қарағанды (25 647 тонна), Ұлытау (4 761 тонна), Павлодар (7 418 тонна), Шығыс Қазақстан (4 619 тонна), Абай (540 тонна), Солтүстік Қазақстан (3 869 тонна), Жамбыл (15 028 тонна), Жетісу (6 876 тонна), Түркістан (1 700 тонна), Қызылорда (6 085 тонна), Маңғыстау (2 700 тонна) және Алматы облыстарына (614 тонна), сондай-ақ Астана (1 000 тонна), Алматы (10 592 тонна), Шымкент (10 000 тонна) және Байқоңыр (4 800 тонна) қалаларына отын жеткізілімін қамтамасыз етуді көздеп отыр. Жалпы көлемі 108 249 тоннаны құрайтын болады.

Басқа ресурс ұстаушыларына қарағанда, әлеуметтік міндеттемелердің айтарлықтай бөлігі Petrosun-ға тиесілі екендігін атап өткен жөн. Бұл Кесте бойынша мазут жеткізілімі жалпы көлемінің 161 892 тоннаға сәйкес келетін 60%-ы дерлік.

Petrosun компаниясы Кесте аясында мемлекет өзіне жүктеген әлеуметтік міндеттемелерді келісілген мерзімде толық көлемде орындауды жалғастыруда.

Анықтама үшін: Petrosun ЖШС 2012 жылдың қаңтарында құрылған. Компания «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-тың және «Қазақстандағы ҚҰМК Интернационал» ЖШС-тің еншілес ұйымы болып табылады. Қызметінің негізгі түрлері мұнайды сатып алуды және өңдеуді, мұнай өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарда өткізуді қамтиды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>