Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Румыниядағы Петромидия мұнай өңдеу зауыты полимердің жаңа премиум түрін шығара бастады

12.03.2026

KMG International-ға қарасты Петромидия МӨЗ-нің мұнай-химия кешені полимердің жаңа түрін — полипропиленнің сополимерін өндіре бастады. Жаңа өнім өндірісі қолданыстағы полипропилен қондырғысында жабдықты жаңғырту жөніндегі жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде іске қосылды.

2026 жылғы ақпан айында жүргізілген алғашқы өндірістік сынақтардың барысында қондырғыда 187 тоннаға жуық сополимер өндірілді, оның ішінде J730 лицензиялық маркасы және жаңадан игерілген RRCP25 маркасы бар. Сынақтар қондырғының тұрақты жұмысын және алынған өнімнің түпкілікті тұтынушылардың талаптарына сәйкес екенін растады.

Сополимерді шығару кезінде қондырғының ең жоғары өнімділігі тәулігіне 140-144 тоннаға жетеді, бұл мұнай-химия кешенінің өнім желісін кеңейту және қосылған құны жоғары өнім үлесін ұлғайту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

2026 жылғы сәуірге жоспарланып отырған мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы алдын алу жұмыстары аяқталып, қондырғы қайта іске қосылғаннан кейін кәсіпорын сополимердің тұрақты өндірісіне көшуді көздеп отыр. Бұл компанияның полимер өнімдері нарығының маржасы жоғары сегменттеріне шығуына және өңірлік нарықта осы материал түріне өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Анықтама: Полипропиленнің сополимерлері — полимер өнімдерінің технологиялық тұрғыдан дамыған әрі нарықта сұранысқа ие түрлерінің бірі. Дәстүрлі полипропиленмен салыстырғанда олар соққыға төзімді, төмен температураға икемді және тұрақты болып келеді. Осы қасиеттеріне байланысты олар өнеркәсіптік қаптама, логистикалық контейнерлер, ірі габаритті пластик жәшіктер, сондай‑ақ автомобиль бөлшектерін жасау салаларында ерекше сұранысқа ие.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>