Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

KMG PetroChem Қазақстанда мұнай-газ химиясын дамыту жоспарларын ұсынды

27.10.2023

«KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Диаз Диянов компанияның қазіргі және болашақ мұнай-газ-химия жобаларын таныстырды. Ол 27 қазанда Астанада өткен Energy Trends: Gas & Petrochemicals конференциясында баяндама жасады.

KMG PetroChem ірі мұнай-газ химиясы жобаларын, атап айтқанда, газ бөлу кешенін, этан құбырын салу және полиэтилен өндіретін зауыттың құрылысы жұмыстарын қолға алды. Сонымен қатар, терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат және карбамид өндіретін кешендерді салу бойынша жаңа жобалар қаралып жатыр.

Газ бөлу кешенін салу жобасына тоқталған Д.Диянов: «Бұл — жылына 9,1 миллиард текше метр құрғақ газ өңдеуге қауқарлы алғашқы отандық жоба. Нәтижесінде Қазақстан алынған этанды жағудың орнына оны жылына 1,6 млн тонна көлемінде полиэтилен шығаруға жіберетін болады».

Этан құбыры этанды газ бөлу кешенінен полиэтилен өндіретін болашақ зауытқа дейін (жобалық қуаты — жылына 1,25 млн тонна) тасымалдауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, «Силлено» ЖШС (Полиэтилен жобасының операторы) бас директоры Жандос Қайыргелді конференцияның қатысушыларына Қазақстанда полиэтиленді тұтыну болжамы бойынша ақпарат берді.

«Қазақстан нарығына зауытымыздан шамамен 250-300 мың тонна полиэтилен жеткізіледі деп жоспарлануда. Былтыр ішкі нарық тұтынған көлем — 160 мың тонна. Болашақта, оның ішінде біз шығаратын полиэтиленнен тұрмысқа және өнеркәсіпке арналған дайын өнімдерді өндіру есебінен Қазақстанда полиэтилен тұтыну көлемі артпақ» — деп атап өтті Ж.Қайыргелді.

Анықтама:

«KMG PetroChem» ЖШС (ҚМГ-нің 100% еншілес ұйымы) ҚМГ тобындағы мұнай-газ химиясы саласының жобаларын жүзеге асырады және оларға жетекшілік етеді. «Силлено» ЖШС — Полиэтилен жобасының операторы.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>