Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырау облысында магистраль құбыржолдарын (этан, пропан) салуға EPC-келісімшарт жасалды

23.12.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы — «KMG PetroChem» ЖШС China Petroleum Pipeline Engineering Co., Ltd. және CITIC Construction Co., Ltd. мен  «ЧППИ Қазақстан» ЖШС  компанияларынан құралған консорциуммен EPC-келісімшарт жасасты. Келісімшарт жобалау құжаттамасын әзірлеуді, жабдықтарды сатып алуды, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ нысанды пайдалануға беруді көздейді. 

Жобаны іске асыру бірыңғай технологиялық тізбекті қалыптастырып, этан мен пропан фракцияларын сұйытылған күйде сенімді, қауіпсіз әрі үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Шикізат «Теңізшевройл» ЖШС-нен және Теңіз кен орнында салынып жатқан Газ сепарациялау кешенінен жеткізіліп, одан әрі ол полиэтилен және полипропилен өндіретін газ-химия кәсіпорындарына тасымалданады. Осылайша, магистраль құбыржолдары (МҚ) технологиялық тізбектің негізгі элементі ретінде болашақ өндірістердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

МҚ — Қазақстан үшін бірегей жоба: елімізде алғаш рет әрқайсысының ұзындығы 210 шақырым болатын этан мен пропан құбырлары бір техникалық дәлізде қатар төселеді.

EPC-келісімшарт аясында мердігер отандық өндірушілерді тартуға басымдық беруге, сондай-ақ тауарларды, қызметтерді және қосалқы мердігерлерді таңдау кезінде қазақстандық қамту үлесін арттыруға міндетті. 

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2026 жылдың IV тоқсанында бастап, 2028 жылдың соңына қарай пайдалануға беру жоспарда. Жобаны іске асыру мұнай-газ химиясы кластерін дамытуға қажетті негізгі инфрақұрылымдық базаны қалыптастырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, сервистік қызметтердің дамуына және Атырау облысының экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Анықтама:
«KMG PetroChem» ЖШС — ҚМГ-ның 100% еншілес ұйымы және топ құрамында мұнай-газ химиясы жобаларын іске асырумен, үйлестірумен айналысады.

China Petroleum Pipeline Engineering Co., Ltd. (CPP) — мұнай мен газды сақтау және тасымалдау инфрақұрылымын салуға және пайдалануға маманданған ірі халықаралық инжинирингтік корпорация. Компания China National Petroleum Corporation (CNPC) құрамына кіреді. Оның Таяу Шығыс, Африка және Орталық Азияны қоса алғанда, әлемнің 50-ден астам елі мен аймағында жұмыс тәжірибесі бар.

CITIC Construction Co., Ltd. — 2002 жылы негізі қаланған ірі халықаралық инжинирингтік және құрылыс компаниясы. Ол Қытайдың ірі мемлекеттік қаржы корпорациясы – CITIC Group-тың еншілес құрылымы. Халықаралық құрылыс мердігерлерінің рейтингтерінде (ENR) көшбасшы орындарға ие.

«ЧППИ Қазақстан» ЖШС — инженерлік-техникалық жобалау саласында құзыреттілігі бар және Қазақстан Республикасының аумағында мамандандырылған құрылыс жұмыстарын жүргізуге қатысады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>