Батуми мұнай портының айлақтары арқылы жүк ауыстырып тиеу көлемі 6 млн тоннадан асты
07.11.2025
Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша «Батуми теңіз порты» ЖШҚ айлақтары арқылы жүк ауыстырып тиеудің жиынтық көлемі 6 млн тоннадан асты.
Ауыстырып тиеу көлемінің өсуі негізінен 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда контейнерлік, паромдық және жекелеген құрғақ жүктердің өңделуін ұлғайту, Қазақстаннан мұнай өнімдерін тұрақты жеткізу, сондай-ақ жеңіл мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу көлемін ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді.
Бұл көрсеткіш «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрылымына кіретін «ҚазТрансОйл» АҚ-ның еншілес компаниясы — «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-ның тұрақты дамуын және тиімді жұмысын айғақтайды.