Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қайырымдылық көмекті 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтты

03.06.2024

Биыл сәуір айында «ҚазМұнайГаз» су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 3 млрд теңге бөлген болатын. Мамыр айында компания қосымша 7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл қаражат «Самұрық-Қазына» қорының қайырымдылық көмекке арналған бірыңғай операторы Samruk Kazyna Trust корпоративтік қоры арқылы бағытталатын болады.

Одан бөлек, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС тәулік бойы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның әуе кемелері мен техникасын жанармаймен қамтамасыз етеді. «ҚазМұнайГаз-Аэро» оған қоса зардап шеккен облыстардың әкімдіктеріне өтеусіз негізде 1300 тоннадан астам дизель отынына, 58 тонна АИ-92 бензиніне, жалпы сомасы 400 млн теңгеге жуық жанар-жағармайға арналған карта ұсынды. Бұл отын су тасқынына қарсы іс-шаралар, халықты эвакуациялау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында зардап шеккен инфрақұрылымды қалпына келтіру кезінде пайдаланылады.

Сондай-ақ, ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері 352 млн теңге көлемінде қаржылық көмек көрсетіп, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарына гуманитарлық көмек жіберді.

Ал ҚМГ-ның еншілес кәсіпорындары әкімдіктерге көмек көрсетуді жалғастырып, су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге атсалысып келеді (705 млн теңге жұмсалды), тиеу, көтеру және жердегі жұмыстар үшін арнайы техника бөліп, адамдарды тасымалдау үшін көмекке автобустар беріп отыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>