Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

М.Мырзағалиев Жаңаөзен паралимпиадашыларымен кездесті

12.08.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында жаңаөзендік «Алға» спорт клубының паралимпиадашыларымен кездесті.

Негізі 1990 жылы қаланған спорт клубы мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеуді, сондай-ақ республикада паралимпиадалық қозғалысты дамытуды көздейді. Клубта волейболды отырып ойнаумен, волейболды тұрып ойнаумен, жағажай волейболы, үстел теннисі, қоларба биі және ауыр атлетика сияқты спорт түрлерімен айналысуға болады. «Алға» тәрбиеленушілері бірнеше рет Қазақстан чемпионы, шетелдерде өткен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған.

Былтыр жаңаөзендіктер еліміздің ұлттық құрамасының сапында Малайзияда өткен Паралимпиада ойындарында үш қола медаль жеңіп алды. Биыл шілдеде Астанада өткен Азия чемпионатында жаттықтырушы Құралбек Сейдов бастаған Маңғыстау параволейболшылары Қазақстан құрамасының сапында келесі жылы Парижде өтетін XVII Жазғы Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен оның еншілес кәсіпорны «Өзенмұнайгаз» «Алға» клубын қолдап, спорттық жабдықтармен қамтамасыз етуге, жарыстарға дайындалуына ұзақ уақыттан бері қол ұшын созып келеді.

Қазіргі уақытта клуб мүшелері Қ.Сейдовтың жетекшілігімен №8 Жаңаөзен орта мектебінің спорт залында жаттығады, кездесу де осы жерде өтті.

Параспортшылармен тілдескен М.Мырзағалиев елімізде паралимпиада қозғалысы қарқынды дамып жатқанын, оның салауатты өмір салтын насихаттауға ғана емес, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеп, белсенді болуға, сондай-ақ кедергісіз орта идеяларын қалыптастыруға ықпал етіп отырғанын атап өтті.

«Бүгін сіздермен жаттығуға қатысып, спортшылардың дайындығын, шеберлігін, күш-жігері мен ынтымағы жарасқан ұжымжы көріп, клубтың табысты болатынына көз жеткіздім. Жаттықтырушыларыңыз Құралбек Мамыртайұлына ерекше алғыс білдіремін. Сіздер — жас буынға үлгі болатын жансыздар. Темірдей тәртіп, жеңіске және дамуға деген ұмтылыстарыңыз тәнті етеді. Спортта да, өмірде де биік белестерді бағындыруға тілектеспін. Ұлттық компания сіздерді қолдап, көмек беруге әрдайым дайын», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.

ҚМГ басшысы клуб тәрбиеленушілері мен жаттықтырушыларға толағай табыс пен республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда жеңіс тіледі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>