Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Өзенмұнайгаз цифрлық шешімдер арқылы көлік жұмысының тиімділігін арттыруда

25.05.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында операциялық тиімділікті жақсартуға бағытталған цифрлық жобаларды жүйелі іске асырып келеді.

ҚМГ еншілес кәсіпорны — «Өзенмұнайгаз» АҚ-да(ӨМГ) қысқа мерзім ішінде «Көлікке электрондық өтінімдер» жүйесі енгізілді.

KMG Digital компаниясы әзірлеген бұл жүйе — көлік процестерін басқаруды оңайлатып, жұмыстың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ өтінім беру уақытын қысқартып, қағаз құжат айналымын азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күнге дейін:

  • сапарларға қатысты 560 өтінім өңделді;
  • платформаға 102 пайдаланушы қосылған;
  • жүйе ӨМГ-ның барлық төрт мұнай-газ өндіру басқармасында және өндірістік цехтарында жұмыс істейді.

Бұған дейін осындай цифрлық құрал «Oil Services Company», «Oil Construction Company» және «Ойл Транспорт Корпорейшэн» мекемелерінде енгізіліп, өзінің тиімділігін растады.

Жүйені жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Алдағы уақытта оны басқа да корпоративтік сервистермен біріктіру жоспарланып отыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>