Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Жаңаөзен тұрғындарына арналған су тұщыту зауытының құрылысы басталды

04.09.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа су тұщыту зауытының құрылысын бастап берді. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңаөзен қаласының халқын ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сай жүзеге асырылуда.

Жаңаөзен қаласына ауыз су «Астрахань-Маңғыстау» су құбырымен Қиғаш өзенінен Жайық суын тасымалдау арқылы жеткізіледі. Бүгінгі таңда бұл – Атырау және Маңғыстау облыстарының бірқатар елді мекендері пайдаланып отырған жалғыз тіршілік көзі. Сонымен бірге, халық санының өсуі және жаңа кәсіпорындардың ашылуы су тұтыну көлемінің күннен күнге артуына әсер етуде.

Тоқымақ төңірегінде (Қарақия ауданы) қуаты тәулігіне 50 мың текше метрді құрайтын теңіз суын тұщыту зауытының құрылысы Жаңаөзен халқын ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мағзұм Мырзағалиев жиналғандарды осынау айтулы оқиғамен құттықтап,  өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешетін бұл жобаның стратегиялық маңызы жоғары екенін қадап айтты.

«Шалғайда тұратын халықтың әл-ауқатын жақсарту — ҚазМұнайГаздың басты мақсаттарының бірі. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасын сапалы әрі қысқа мерзімде орындап, Жаңаөзендегі ауыз су тапшылығына қатысты мәселені түбегейлі шешу қажет», — деді ҚМГ басшысы.

Сонымен қатар, М.Мырзағалиев су тұщыту зауытын салу өңірде жүздеген жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Құрылыс кезінде 240 адам, зауыт іске қосылғаннан кейін 100-ден астамы жұмыспен қамтылады.

Өз кезегінде, облыс әкімі жаңа өндіріс орны өңір экономикасының дамуына оң әсер ететінін мәлімдеді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында халықты сапалы ауыз сумен қамтудың маңыздылығына тоқталып, Үкімет пен облыс әкімдігіне сумен қамту мәселесін шешуді тапсырды. Осы мақсатта өңірде бірнеше жоба іске асырылуда. Тоқымақ төңірегінде (Кендірлі демалыс аймағында) су тұщыту зауытын салу «Астрахань-Маңғыстау» құбырынан келетін суға қосымша ретінде Жаңаөзен және басқа да елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туризмді, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамытуға мультипликативті әсер етеді», - деді Н.Ноғаев.

Құрылыс алдын ала жоспарға сай 2024 жылдың соңыңа қарай аяқталады. Ал 2025 жылдың көктемінде өндіріс орны толық жобалық қуатына шығады деп жоспарланып отыр. Биыл тамыз айында Metito LLC халықаралық компаниясы бастаған, құрамына «Ақжол құрылыс» ЖШС, «Caspian HES Consulting» ЖШС, «СМК-Атамекен» ЖШС кіретін консорциуммен EPC-келісімшарт жасалды.

Нысан құрылысы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жеке қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын ұлттық компания Қаражанбас кен орнында («Қаражанбасмұнай» АҚ, ҚМГ еншілес кәсіпорны, Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы) су тұщыту зауытын іске қосты.

Бұдан бөлек, ҚазМұнайГаз «Астрахань-Маңғыстау» магистральды су құбырын реконструкциялау және кеңейту жобасын (1-кезек) жүзеге асыруда. Бұл жоба биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Ол магистральды су құбырының шамамен 176 шақырымға созылған екі учаскесін жаңартуды көздейді. Бұл, өз кезегінде, 2024 жылы су құбырының өткізу қабілетін тәулігіне 110 мың текше метрден 170 мың текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Су тұщыту зауыттарын салу және су құбырын кеңейту ауыз сумен қамту мәселесін шешіп қана қоймай, еліміздің батысында орналасқан өңірлер үшін көптеген бағыт бойынша мультипликативті әсер етіп, ҚМГ кәсіпорындарында тұщы суды пайдаланумен тығыз байланысты бірқатар технологиялық мәселені шешуге де септігін тигізеді.

Анықтамалық ақпарат:

Metito — дүниежүзіне әйгілі компания, 1958 жылы Бейрутта (Ливан) құрылған. Теңіз суын тұщыту бойынша әлем индустриясындағы алғашқы компания. Ол 1972 жылы су тұщыту үшін кері осмос технологиясын бірінші болып енгізген (АҚШ-тағы жоба). Содан бері әлемнің 50-ден астам елін сумен жабдықтаумен айналысып, бірқатар инновациялар енгізумен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда компанияның негізгі акционерлері – Mitsubishi Corporation, Mitsubishi Heavy Industries және Дүниежүзілік банк тобына кіретін Халықаралық қаржы корпорациясы.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) – Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>