Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ-де тәуекелдерді басқарудың жаңартылған тәсілдері талқыланды

12.03.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) тәуекелдерді басқару әдіснамасын өзектендіру, процестерді автоматтандыру және жасанды интеллект (ЖИ) элементтерін қоса алғанда, заманауи талдау құралдарын енгізу бойынша ауқымды жұмыстарға кірісті. Осы қызмет аясында ҚМГ орталық аппаратында елордада орналасқан 8 еншілес және тәуелді ұйымның (ЕТҰ) тәуекел-менеджерлерімен жұмыс кездесуі (семинар) өтті.

Іс-шараға қатысушыларға «ҚазМұнайГаз» тобы бойынша осы саладағы бірыңғай әрі стандартталған тәсілді қалыптастыратын жаңа редакциядағы Тәуекелдерді басқару жүйесі жөніндегі саясат пен Тәуекелдерді басқару процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық таныстырылды.

Талқылау барысында тәуекелдерді басқарудың реактивті моделінен проактивті моделіне көшуге, тәуекел-тәбетті негізгі басқару құралы ретінде енгізуге, тәуекелдерді бағалау мен тіркеу әдіснамасын біріздендіруге, есептілікті оңтайландыруға және негізгі тәуекел көрсеткіштерінің агрегацияланған панельдеріне көшуге ерекше назар аударылды.

Цифрландыру мәселелері жеке қаралды. Корпоративтік жүйелерімен біріктіру негізінде қаржылық және операциялық тәуекелдерді автоматты түрде мониторингтеу мүмкіндіктері көрсетілді. Сондай-ақ сценарийлерді болжау, аномалияларды анықтау және басқарушылық шешімдердің сапасын арттыру үшін талдау үлгілері мен ЖИ құралдарын қолдану перспективалары талқыланды.

Кездесу кәсіби диалог форматында өтті. ЕТҰ өкілдері жаңа талаптарды іс жүзінде қолдануға қатысты сұрақтарын қойып, корпоративтік тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін одан әрі дамыту бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Мұндай кездесулерді ҚМГ қызметін жүргізетін барлық өңірде өткізу жоспарда, себебі жаңартылған тәсілдерді ұлттық компанияның корпоративтік орталығы мен еншілес ұйымдарының барлық басқару деңгейлеріндегі өкілдерінің белсенді қатысуымен ғана сәтті енгізуге болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>