Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Ойл Транспорт Корпорэйшэнде комплаенс жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

02.10.2026

Ақтау қаласында «Ойл Транспорт Корпорэйшэн» ЖШС-де («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес мекемесі) «Комплаенс жүйені дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзекті өзгерістер» тақырыбы бойынша стратегиялық сессия өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жетілдіруге қатысты мемлекеттік реттеушінің ұстанымын таныстырды. Атап айтқанда, осы саладағы тәуекелдерді басқару бойынша негізгі аспектілер қаралды.

Сонымен қатар іс-шара барысында ҚМГ компаниялары тобындағы комплаенс жүйесін жетілдірудің стратегиялық бағыттары, комплаенс функциясының тиімділігін арттыру, адалдық мәдениетін нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Сессияға қатысушылар пікір алмасып, практикалық ұсыныстарын ортаға салды, сондай-ақ кәсіби өзара іс-қимылды жалғастыру бойынша жоспарларын белгіледі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>