Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ-да Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай шаралар өтті

30.04.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай іс-шаралар өтті. Қызметкерлер ҚМГ Өндірістік қауіпсіздік департаменті ұйымдастырған тақырыптық сессияларға қатысты.

Қатысушылар еңбек жағдайларын қауіпсіз ету мәселелерін талқылап, еңбекті қорғау талаптарын сақтауға жеке жауапкершілікті көтеру бағытындағы «Мен сақтанамын» корпоративтік бастамасының міндеттерімен танысты.

Іс-шаралар аясында интерактивті викторина ұйымдастырылып, қауіпсіздік ережелерінің бұзылу себептерін көрсететін видеоматериалдар ұсынылды. Нақты жағдайды бейнелейтін кейсті талқылау қатысушыларға жұмыс процесінің әр кезеңінде алдын-алу мен қырағылықтың негізгі рөлін анықтауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, еңбекті қорғау мәселелерінде жауапкершілік пен көшбасшылықтың жоғары деңгейін көрсеткен үздік қызметкерлер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен және естелік белгілерімен марапатталды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>