Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз Орталық және Шығыс Өріктау кен орындарын толық көлемде игеру тұжырымдамасын дайындауда

21.06.2024

ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Ақтөбе облысындағы «Өріктау Оперейтинг» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бірқатар өндірістік нысандарын аралады.

ҚазМұнайГаз қазіргі уақытта Орталық және Шығыс Өріктау кен орындарын толық көлемде игеру тұжырымдамасын дайындауда.

2023 жылдың желтоқсанында компания Шығыс Өріктау мұнай-газ кен орнын өнеркәсіптік пайдалануға берді, бұл Ақтөбе өңірі үшін тауар және сұйытылған газдың қосымша көлемін алуға мүмкіндік берді. 2024 жылы Шығыс Өріктауда 89 мың тонна мұнай және шамамен 46 млн текше метр газ өндіру жоспарланып  күтілуде.

ҚМГ Орталық Өріктау газ конденсатты кен орны бойынша өнеркәсіптік игеруді бастаудың бірнеше нұсқалары мен техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлейді.

Орталық Өріктау табиғи газдың едәуір қоры бар газ конденсатты кен орны. Орталық Өріктау кен орны толық көлемде игерілгенде (игеру бірнеше кезеңнен тұрады) жылына 1 млрд текше метр газ өндіруге мүмкіндік туады.

Кеңес қорытындысы бойынша  А.Хасенов «Өріктау Оперейтинг» ЖШС басшылығына өнеркәсіптік қауіпсіздікке, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше назар аударуды, сондай-ақ 2024 жылы Шығыс Өріктау кен орнында жоспарлы өндіріске қол жеткізу шараларын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС (ҚТМ) нысандарындағы сапарда 2024 жылға арналған өндірістік бағдарламаның орындалуы, қауіпсіздік техникасы, еңбек тәртібін сақтау, ұжымдар мен мердігерлік ұйымдардағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 4 маусымда ҚМГ «Қаражар» перспективалы учаскесі бойынша барлау мен өндіруге келісімшарт алды.

19 маусымда ҚМГ көмірсутектердің ресурстық базасын дамыту үшін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мақсатында Қаражар учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын "Қазақтүрікмұнай" ЖШС пайдасына берді.

Бүгінгі күні барлау жұмыстарының жобасын, барлау салдарын жою жобасын және іздестіру ұңғымасын салудың техникалық жобасын әзірлеу жүргізілуде. А. Хасенов ағымдағы жылдың соңына дейін тереңдігі 3000 м іздеу ұңғымасын бұрғылауға кірісуді тапсырды.

«Қазақтүрікмұнай» Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылының тұрғындарын өтеусіз негізде газбен қамтамасыз етеді, жеткізу көлемі  — жылына шамамен 4 млн текше метр. Мұндай жеткізілімдердің жиынтық көлемі 2007 жылдан бастап 2023 жылға дейін шамамен 30 млн текше метр газды құрады. Бұдан басқа, 2015 жылдан бастап компания (өзінің электр станциясында өндірілетін), пайдаланудан артылап қалатын электр энергиясын ауданның екі шаруа қожалығына да өтеусіз беріп келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>