Oil Services Company және KSP Steel құбыр өнімдерін шығаруға арналған офтейк-келісімшартқа қол қойды
16.10.2026
Орал қаласындағы Мұнай-газ машина жасау саласын дамыту форумы алаңында «Oil Services Company» ЖШС мен «KSP Steel» ЖШС арасында шегендеу және сорғы-компрессорлық құбырлар шығару жөніндегі 2027-2029 жылдарға арналған офтейк-келісімшартқа қол қойылды.
«Oil Services Company» ЖШС – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның мұнай сервисі бағытындағы еншілес кәсіпорны. Компания мұнай сервисі қызметтер көрсетуге маманданған, атап айтқанда мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылау, күрделі және жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
KSP Steel – болат құбырларын жасап шығару бойынша толық өндірістік циклі бар қазақстандық кәсіпорын.
Жергілікті қамту үлесін арттыру және Қазақстанда тауар өндірісін локализациялау – бұл ҚазМұнайГаздың стратегиялық басымдықтарының бірі. Осы міндеттерді жүзеге асыруда отандық өндірушілерді қолдауға және мұнай-газ саласының жергілікті өнімге деген сұранысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін офтейк-келісімшарт тетігі маңызды рөл атқарады.
2019 жылдан бері ҚМГ жиынтық сомасы 105 млрд теңгеге 545 офтейк-келісімшарт жасасты.
Жалпы, ҚМГ елішілік құндылықты арттыру және импортты алмастыруды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Ұлттық компания жұмыс істеп тұрған өндірістерді қолдап, мұнай-газ машина жасау саласындағы жаңа бағыттарды игеруге ықпал етіп келеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл 30 қыркүйекте Алматы қаласында өткен KIOGE-2026 халықаралық конференциясы мен көрмесі аясында «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ мен америкалық «Baker Hughes» мұнай сервисі компаниясы арасында ірі мұнай-газ жобаларына қызмет көрсету туралы шартқа қол қойылды.