«Oil Services Company» ЖШС бас директоры тағайындалды
05.11.2025
«Oil Services Company» ЖШС бас директоры лауазымына Ахмет Тыныштықұлы Есенғалиев тағайындалды.
Компания ұжымына жаңа басшыны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігінің атқарушы директоры Дәурен Мұратбай таныстырды.
А.Есенғалиев 1984 жылы дүниеге келген.
Жалпы еңбек өтілі 17 жылдан асады. Ұзақ жылдар бойы «Global Transport Service» ЖШС-де жұмыс істеді. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін «Oil Services Company» ЖШС бас директорының өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары міндетін атқарып келді.
Анықтама:
«Oil Services Company» ЖШС — ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны. Мұнай сервисі саласында қызметтер көрсетумен айналысады:
• мұнай, газ ұңғымаларын бұрғылау мен игеру;
• ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу;
• мұнай өндірудің технологиялық процестерін химияландыру;
• көлік қызметтері және басқа да жұмыс түрлері.