Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырау МӨЗ-де жоспарлы-алдын ала тексеру жұмыстарының негізгі көлемі аяқталды, қалған жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде

23.10.2023

Биыл 21 қазанда Атырау МӨЗ-де жоспарлы-алдын ала тексеру жұмыстарының аралық қорытындысы аясында технологиялық қондырғылардың бірінші кезеңі іске қосылды. Тәуліктік мұнай өңдеу көлемі — 9 500 тонна. Мұнай өнімдері мынадай көлемде шығарыла бастады: автобензин – тәулігіне 1 200 тонна, дизель отыны — тәулігіне 1 500 тонна.

Қалған технологиялық қондырғыларда жоспарлы-алдын ала тексеру жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. ҚР Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес жабдықтарды кезең-кезеңімен технологиялық режимге шығару жоспарланып отыр.

Жоспарлы-алдын ала тексеру басталғаннан бүгінгі күнге дейін жабдықтарды тазалау, пештер мен реакторларды қаптау, тозған жабдықтар мен катализаторларды ауыстыру, колонналық жабдықтардың ішкі құрылғыларын модификациялау және т.б жұмыстар атқарылды. Қысыммен жұмыс істейтін түтікшелерді тексеру жалғасуда.

Сонымен қатар зауытта экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларды анықтайтын автоматтандырылған жүйесін орнату жобасы жүзеге асуда. Жоспарлы-алдын ала тексеру барысында технологиялық пештердің мұржаларына автоматтандырылған бақылау жүйесін монтаждауға қажетті барлық жұмыстар орындалды.

Атырау МӨЗ қараша айының алғашқы онкүндігінде толық жобалық қуатына шығады деп жоспарланған.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>