«Өзенмұнайсервис» ЖШС бас директоры тағайындалды
05.11.2025
«Өзенмұнайсервис» ЖШС бас директоры болып Дамир Әлібекұлы Шырақбаев тағайындалды.
Д.Шырақбаев 1987 жылы дүниеге келген. 2008 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы бойынша, 2015 жылы Мишкольц университетін (Мажарстан) «Мұнай-газ ісі» бойынша (магистратура) тәмамдады.
Еңбек жолын «Өзенмұнайгаз» АҚ-да мұнай және газ өндіру операторы болып бастады. Әр жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ-да шебер, аға геолог, геофизика бөлімінің бастығы, игеру департаментінің директоры, сонымен қатар «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының геология және игеру жөніндені орынбасары қызметтерін атқарды.
Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының геология және игеру жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.