Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметінің мәселелеріне қатысты жиын өткізді

08.07.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Жаңаөзен қаласында «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның (ӨМГ) өндіріс мәселелеріне қатысты жиын өткізді. 

Биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша компания 2 млн 526 мың тонна мұнай өндірді. 2025 жылға арналған жоспар — 5 млн 250 мың тонна. 

Жиында ӨМГ басшылығы мұнай өндіру кезінде шығынды қысқарту және ұңғымалардың тоқтап қалу жағдайларын азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Геологиялық-техникалық жұмыстар, геофизикалық зерттеулер, сондай-ақ қордың техникалық жай-күйіне жүргізілетін мониторингті жақсарту бойынша іс-шаралар атқарылуда.

Компанияда Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту жобасы жалғасып жатыр. Шағын диаметрлі ұңғымаларды (Slimhole) бұрғылау бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізілуде, полимерлі суландыру және қабатты радиалды ашу технологиялары енгізілуде. Жөндеуаралық кезеңді ұлғайту және инфрақұрылым мен өндірістік процестерді автоматтандыру бойынша іс-шаралар қолға алынды. 

Қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту, мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын, арнайы техника мен автокөліктерді жаңартуға қатысты мәселелер жеке қаралды. 2025 жылы 9 шаруашылық-тұрмыстық корпустың құрылысын жүргізу жоспарланған. Бұл жобаларға қатысты келісімшарттар жасалып, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар 13 ғимаратты жөндеу қарастырылған.
 
Жиын қорытындысы бойынша А.Хасенов операциялық тиімділікті арттыру, шығын көлемін оңтайландыру, мұнай өндірудің  қазіргі деңгейін ұстап тұру және қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға қатысты шаралар қабылдауды тапсырды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>