Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Өзенмұнайгазда өндіріс мәселелеріне арналған жиын өткізді

07.04.2026

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновке «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның (ӨМГ) 2026 жылғы 1-тоқсанда атқарған жұмысының нәтижесі, бизнес-процестерді жақсарту жоспарлары және цифрландыруға қатысты қабылданып жатқан шаралар бойынша есеп берілді. 

ӨМГ кен орындарын оңалту аясындағы басымдық — ресурстық базаны толықтыру болып қала береді. Биыл терең көкжиектерді бағалауға ерекше назар аударылады. Батыс Теңге және Өзен кен орындарында 2-тоқсаннан бастап триас шөгінділерін зерттеу үшін бағалау ұңғымаларын бұрғылау жоспарлануда.

Жерасты жабдықтарын диагностикалау және жөндеу цехын қоса алғанда жерүсті инфрақұрылымын жаңғырту жүріп жатыр, сондай-ақ альб-сеноман суын айдауға көшу үшін көлемі 10 мың м³ резервуарлар салынуда. Бұл іс-шараларды іске асыру жабдықты пайдалану сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Мұнай өндіру көлемін арттыру үшін ұңғымалардың жөндеуаралық кезеңін ұлғайту шаралары іске асырылып жатыр, оның ішінде жабыны бар сорғы-компрессорлық құбырлар мен коррозияға қарсы штангаларды енгізу.

Өзен және Қарамандыбас кен орындарында мұнай өндіруді арттырудың негізгі әдісі – қабатты гидравликалық жару болып қала береді. Бұл әдісті қолданудың тиімділігін жоғарылату үшін технологияны жетілдіруге және операцияларды жүргізу параметрлерін оңтайландыруға қатысты тапсырмалар берілді. 

Slimhole технологиясын енгізу жалғасуда: биыл 122 ұңғыманы енгізу жоспарда, үнемдеу мөлшері 12 млрд теңгеден асады деп күтілуде.

Ұңғыма қорымен жұмыс істеу үшін оқпандарды тазартуға ден қойылып отыр, сондай-ақ жұмыс істемей тұрған 60 ұңғыманы жыл соңына дейін іске қосу көзделген.

Сонымен қатар цифрлық шешімдер белсенді іске асырылып келеді. ӨМГ өндіруші кәсіпорындардың арасында алғашқылардың бірі болып «Сапарларды басқару» жобасы аясында «Көлікке электрондық өтінім беру» жүйесін енгізуде. Бұл көлікке өтінімді беру, келісу және орындау процестерін цифрландыруға, сондай-ақ ашық есепті және онлайн сараптаманы қамтамасыз етуге көмектеседі. 

«ABAI» жүйесінің «Су айдауды басқару» модулінің көмегімен геологиялық-техникалық іс-шаралар орындалып жатыр. Бұл сараптама жасауды едәуір жеделдетіп, қабылданған шешімдердің орындылығын арттырды. Модульдің көмегімен 2026 жылдың 1-тоқсанында 44 іс-шара іріктелді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылады. Электрондық наряд-рұқсаттар жүйесі кәсіпорындағы қаупі жоғары жұмыстарды бақылауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, TUMAR интеллектуалды жүйесі ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу жұмыстары кезінде қауіпті технологиялық операциялар жүргізілгенде онлайн режимде жұмысшылардың бұзушылықтарын, қауіпті әрекеттерін автоматты түрде анықтайды және қауіп төнген жағдайда дыбыстық сигнал береді. Қазіргі уақытта жүйе ӨМГ-ның ұңғымаларды жерасты жөндеудің 79 бригадасында, ұңғымаларды күрделі жөндеудің 4 бригадасында енгізілуде. 

Бұл жобалар Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында ерекше маңызға ие.

Жиын қорытындысы бойынша ӨМГ басшылығының алдына басқарудың операциялық моделін жетілдіру, биыл жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу және цифрлық жобаларды белсенді енгізу бойынша нақты міндеттер қойылды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>