Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Өзенмұнайгазда «Электрондық наряд-рұқсат» цифрлық жобасы сәтті енгізілуде

10.06.2026

Өзенмұнайгаз компаниясы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басты цифрлық шешімдердің бірі – «Электрондық наряд-рұқсат» жүйесін енгізді.

Бұл платформа компанияның кен орындарында, өндіріс алаңдарында және басқа да нысандарында қауіпі жоғары жұмыстарды орындау кезінде қолданылады. Наряд-рұқсаттарды ресімдеу, келісу мен бақылау процесі толықтай электрондық форматқа ауысты.

Жауапты қызметкерлер наряд-рұқсатты жүйеде ресімдейді, жұмыс түрін таңдайды, қажетті қауіпсіздік шараларын анықтап, құжатты келісуге жібереді. Оған дербес компьютерден, сонымен қатар өндірістік нысандарда жүріп-ақ мобильді құрылғылар арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен қол қойылады. Процестің барлық кезеңі нақты уақыт режимінде тіркеледі және бақыланады. Жүйені енгізу процестің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік берді:

  • наряд-рұқсатты ресімдеу жолы екі есеге — 36 кезеңнен 18 кезеңге дейін азайды;
  • процедурадан өту уақыты 3 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды;
  • қағаз құжат айналымы толықтай жойылды.

Бүгінгі таңда жүйені өндірістік бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері, оның ішінде цех бастықтары, шеберлер, механиктер, мердігер ұйымдардың мамандары мен өндірістік бригадалардың мүшелері кеңінен пайдаланып жүр.

Жобаны іске асыру өндірістік процестердің ашықтығын арттыруға, еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылауды күшейтуге, адами фактордың әсерін барынша азайтуға және өндірістік тәртіпті нығайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар цифрлық шешім өндірісте заманауи қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

«Өзенмұнайгаз» АҚ наряд-рұқсаттарды ресімдеудің қағазсыз процесін толығымен енгізген ҚазМұнайГаздың алғашқы еншілес кәсіпорны болды. Қазіргі уақытта компанияның тәжірибесі ҚМГ-ның басқа да еншілес ұйымдарына таратылуда.

Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында мұндай бастамалардың маңызы зор. ҚазМұнайГаз үшін цифрлық шешімдерді енгізу – операциялық тиімділікті арттырудың құралы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі маңызды қадам.

Жобаның басты нәтижесі – өндірістік қауіп-қатерлерді дер кезінде алдын алу, сондай-ақ қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>