Асхат Хасенов Өзенмұнайгазда өндірістік жиын өткізді
27.11.2025
Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 4 млн 237 мың тоннаны құрады. ӨМГ басшылығы шығындарды қысқарту және ұңғымалардың тоқтап қалу жағдайларын азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Геологиялық-техникалық жұмыстар, геофизикалық зерттеулер, сондай-ақ қордың техникалық жай-күйіне жүргізілетін мониторингті жақсартуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.
Шағын диаметрлі ұңғымаларды бұрғылау бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүріп жатыр (Slimhole). 2026 жылы осындай 122 ұңғыма бұрғыланады деп жоспарланып отыр. Полимерлі суландыру технологиялары енгізілуде, жөндеуаралық кезеңді ұлғайту, инфрақұрылымды жаңарту және өндірістік процестерді автоматтандыру жөніндегі іс-шаралар атқарылуда.
Өзен кен орнында мұнай өндіру коэффициентін арттыру үшін заманауи технологиялар кешені іске асырылуда. Өзен-Шығыс учаскесінде полимерлі суландыру бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар мұнай өндіру коэффициентін арттырудың тиімді әдістері ретінде төмен қысымды учаскелерде қабатты көбік-азотты сумен жарудың жетілдірілген технологиялары, сондай-ақ сулы көкжиектерді жарып өту жағдайларын алдын алу үшін синтетикалық жарылғыш сұйықтықты қолдану сәтті енгізілді.
ӨМГ-да өткен жиын қорытындысы бойынша ҚМГ басшысы қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын одан әрі жақсартуға, жоспарлы көрсеткіштерді орындауға және мұнай өндіру деңгейін тұрақты ұстап тұруға бағытталған нақты тапсырмалар берді.