Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 750 млн АҚШ доллары сомаға облигацияларды ішінара мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырды

13.09.2024

2024 жылғы 12 қыркүйекте «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) 749,9 млн. АҚШ доллары сомасына облигацияларды ішінара мерзімінен бұрын өтеуді жүргізді (анықтама үшін: шығарылған күні – 2017 ж. 19 сәуір; жалпы сомасы – 1 млрд. АҚШ доллары; купондық мөлшерлемесі – 4,75%; өтелетін күні - 2027 ж. 19 сәуір).

Мерзімінен бұрын өтеу компанияның қаржылық тұрақтылығын жақсарту, борыштық жүктемені азайту және компанияның кредиттік рейтингтерін арттыру үшін ҚМГ тұрақты жүргізетін іс-шаралардың бірі болып табылады. Ішінара мерзімінен бұрын өтеу қорытындысы бойынша купондық төлемдерді үнемдеу 92,7 млн. АҚШ долларын құрайды.

Мерзімінен бұрын өтеу ҚМГ қоғамдық ұсынысына облигациялар ұстаушылардың дауыс беруі нәтижелері бойынша жүргізілді. 2024 жылғы 3 қыркүйекте ҚМГ жоғарыда аталған облигацияларды ұстаушыларға қолма-қол ақшаға барлық облигацияларды номиналды құны бойынша сатып алу туралы ұсыныс жіберді. Ұсыныстың мерзімі 2024 жылдың 10 қыркүйегінде аяқталды. Ұсыныс мерзімі аяқталғаннан кейін ұстаушылар өтеуге берген облигациялардың жиынтық көлемі шығарылған облигациялардың жалпы сомасының 74,99% құрады.

Дауыс беру қорытындыларының нәтижелерімен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады.

https://www.kmg.kz/press-center/press-releases/finance-sub/

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>