Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс барысын тексерді

26.11.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Жаңаөзенде салынып жатқан жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс алаңына барды. ҚМГ басшысына жобаның іске асырылуы және құрылыс жұмыстарының жай-күйі туралы ақпарат берілді.

Айта кетсек, зауыт құрылысының жобасы процесті тиімді ұйымдастыру және жұмыстардың уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету үшін 2 іске қосу кешеніне бөлінген.

Бірінші іске қосу кешені бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Жабдықтар жасалып, оларға зауыттық сынақтар өткізілді. Олар құрылыс алаңына биылғы желтоқсан айында жеткізіледі деп күтілуде.

Екінші іске қосу кешені бойынша инфрақұрылым нысандарында (өрт сөндіру бекеті, зертхана, қойма, әкімшілік-тұрмыстық кешен, операторларға арналған бөлме, өртке қарсы резервуарлар және химиялық заттар қоймасы) жалпы құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Негізгі технологиялық жабдықтың 177 позициясы жасалуда, атап айтқанда сыйымдылықтар, резервуарлар, бағаналар, жылу алмастырғыштар, газ турбиналары, компрессорлар және сорғылар. Жабдықтардың бір бөлігі дайын, соның ішінде сыйымдылықтар, сүзгілер, ауамен салқындату аппараттары, жылу алмастырғыштар және резервуарлар.

Қазіргі кезде құрылыс алаңына 100-ге жуық адам жұмылдырылған.

Айта кетейік, газ өңдеу зауытының құрылысы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Жоба жылына 900 млн текше метрге дейін табиғи және ілеспе газды өңдеу қуатына ие заманауи өндірістік кешен құруды көздейді. Зауыт тауарлық құрғақ газ, сұйытылған көмірсутек газын, пентан-гексан фракциясын және тауарлық күкірт шығаратын болады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>