Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз өзінің мұнай өңдеу зауыттарында жасанды интеллект негізіндегі предиктивті сараптаманы енгізуде

22.05.2026

Мемлекет басшысы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында белгілеген стратегиялық міндеттерді іске асыру үшін ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы мұнай өңдеу және мұнай-химия кәсіпорындарында жабдықтардың істен шығуын болжайтын сараптамалық жүйені дәйекті түрде енгізіп келеді.

Бүгінгі таңда зауыттардың сенімділігі басты технологиялық қондырғыларға орнатылған мыңдаған есептеуіш құралдан келіп түсетін үздіксіз деректер ағынымен қосымша қамтамасыз етіледі. Жасанды интеллект арқылы ақпарат тасқынын талдау арқылы предиктивті сараптамалық жүйе жабдықтың жұмысындағы іркілістерді ерте кезеңде анықтап, жоспардан тыс тоқтаулардың алдын алады.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты (ПҚОП) үш жылдық жөндеуаралық циклге көшті, яғни күрделі жөндеуге тоқтамай үздіксіз жұмыс істейді. Кәсіпорынның сенімділігін одан әрі нығайту үшін 2026 жылғы сәуірде ПҚОП маңызды компрессорлар бойынша предиктивті сараптаманың бірінші кезеңін енгізе бастады.

Атырау (АМӨЗ) және Павлодар (ПМХЗ) мұнай өңдеу зауыттары үшін предиктивті жүйелерді енгізу жөндеуаралық кезеңдерді ұзартудың ажырамас талабы болып отыр. 2025 жылы АМӨЗ және ПМХЗ-да цифрлық шешімдердің тиімділігін дәлелдеген пилоттық жобалар енгізілді. Бүгінде Атырау зауытында баяу кокстеу қондырғысының реакторлары үшін ақауларды ерте анықтау жүйесі жұмыс істеуде.

2026 жылы АМӨЗ және ПМХЗ жүйені асамаңызды агрегаттарға кеңінен енгізіп, ауқымды іс-шараларды қолға алды. Әр зауыт бойынша үш кезең ішінде предиктивті сараптамалық жүйесіне 100-ден аса жабдықты қосу жоспарлануда.

Предиктивті сараптамалық жүйені енгізу жобасының бірінші кезеңі полипропилен өндіретін зауыт — «KPI» ЖШС-де жүзеге асырылды. Жүйеге аса маңызды он технологиялық торап қосылды.

ҚМГ ұлттық компания ретінде өз қызметінің барлық бағыттары бойынша цифрлық жобаларды іске асыруды жалғастыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>