Румыниядағы «Петромидия» және «Вега» мұнай өңдеу зауыттарында жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізіледі
25.02.2026
KMG International (Rompetrol) құрамына кіретін Rompetrol Rafinare компаниясы биылғы наурыз айының басында «Петромидия» (Наводари қ.) және «Вега» (Плоешти қ.) мұнай өңдеу зауыттарында жоспарлы алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Аталмыш жұмыстар шамамен 20 күнге созылады және бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
Жоспарланған іс-шаралар өндірістік қондырғыларды тексеру мен қайта сертификаттауды, жабдықтар тазартуды, профилактикалық тексерулерді және жекелеген бөлшектерді, соның ішінде катализаторлар ауыстыруды қамтиды. Бұл өндірістік тиімділіктің жоғары деңгейін ұстап тұруға, өнімнің тұрақты сапасын және өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жұмыстарды жүргізу кезеңінде KMGI келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын жалғастырып, компанияның сауда бөлімшесінде жинақталған қор мен ресурстары есебінен мұнай өнімдерін жеткізуді қамтамасыз етеді.