Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мұнай өңдеу зауыттары жұмысын қорытындылап, алдағы жоспарларын белгіледі

26.01.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Павлодарға жұмыс сапары барысында ҚМГ мұнай өңдеу зауыттарының 2023 жылғы жұмысын қорытындылап, 2024 жылға арналған жоспар бойынша жиын өткізді.

«ПМХЗ», «АМӨЗ», «ПетроҚазақстанОйлПродактс» және «CaspiBitum» ЖШС бас директорлары өздері басқарып отырған кәсіпорындардың былтырғы өндірістік және қаржылық нәтижелерін баяндады.

ҚМГ мұнай өңдеу зауыттары 2023 жылы өндірістік жоспарды тиімді орындағаны атап өтілді. Ашық түсті мұнай өнімдері рекордтық 72,2% көрсеткіште шығарылды және өңдеу тереңдігі 85,5%-ға жетті. 2022 жылмен салыстырғанда АИ 92 бензинінің өндірісі 5%-ға, АИ 95/98 — 17%-ға, сұйытылған мұнай газының өндірісі 8%-ға артты. Зауыттарда жүргізілген жүйелі жұмыстың арқасында елімізде көп жылдан бері алғаш рет ішкі жанар-жағармай нарығының тұрақтылығы қамтамасыз етілді.

«Жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін шығару көрсеткіштері асыра орындалды. Бұған, соның ішінде АМӨЗ-ді жанар-жағармай өндірісіне қайта бағдарлау есебінен қол жеткізілді. Нәтижесінде «Қазмұнайгаз» ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жанар-жағармаймен қамтамасыз ету туралы міндеттемелерін толық орындады», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.

ҚМГ басшысының айтуынша, алдағы кезеңде, бірінші кезекте мұнай өңдеуге, битум және мұнай-химия өнімдерін (бензол, параксилол) өндіруге көңіл бөлу қажет. Қазір өндірісті арттыруға өнімді жөнелтудегі логистикалық қиындықтар мен  жол-құрылыс ұйымдарынан тауар битумына тапсырыстың болмауы секілді себептер кедергі келтіруде.

«Мұнай өңдеу зауыттарымыз үшін 2024 жылға арналған жоспар бұрынғыдан да күрделірек. Кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне өндірістік қуат пен өнім желісін арттыру, электр қуатының тұрақтылығын қамтамасыз ету және экологиялық жобаларды іске асыру кіреді», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Жиынның қорытындысы бойынша ҚМГ басшысы кәсіпорындардың тұрақты және апатсыз жұмысын қамтамасыз ету, өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу, инвестициялық жобаларды мерзімінде орындау, ішкі нарыққа ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен жанар-жағармай станциялары үшін дизель отынын сату, сондай-ақ биылғы жылы жоспарлы-алдын алу жұмыстарына дайындық бойынша бірқатар тапсырма берді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>