Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Инновациялар, кадрлар және зерттеулер: Ғылым министрлігі мен ҚМГ мұнай-газ саласындағы ғылыми-технологиялық дамудың басымдықтарын талқылады

23.02.2026

ҚМГ-да ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің кездесуі өтті.

Кездесу барысында ғылыми-технологиялық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылды нығайту, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ) механизмдерін жетілдіру, мұнай-газ саласының басым бағыттары бойынша дуалды оқыту мен кадрларды даярлау мәселелері талқыланды.

ҚМГ басшысы ұлттық компания озық технологияларды ілгерілету, инженер мамандықтарын даярлау және саланың технологиялық бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін ғылыми ұйымдармен және академиялық қауымдастықпен жүйелі жұмысты жалғастырып жатқанын атап өтті.

— ҚазМұнайГаз геологияға, мұнай-газ кен орындарын игеруге, сондай-ақ мұнай-газ химиясына ерекше ден қоя отырып, 80 ғылыми-зерттеу тақырыбын қамтитын ҒЗТКЖ бойынша ауқымды Жол картасын іске асыруда. Бүгінде біз білім беру мен зерттеу бағыттары бойынша 35 жетекші жоғары оқу орнымен тығыз ынтымақтастық орнаттық. Саланың технологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ортақ ғылыми әзірлемелердің өнеркәсіпке енгізілуі біз үшін маңызды. ҚМГ өз тарапынан Ғылым министрлігімен еліміздің мұнай-газ секторы үшін ұзақ мерзімді ғылыми-технологиялық негізді қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады, — деді А.Хасенов.

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Бас директоры Рахым Өтеев ҒЗТКЖ жобалары Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларында өткізілген ғылыми-инновациялық хакатондардың қорытындысы бойынша құрылғанын айтты. Бұл жиындарға ҚМГ еншілес кәсіпорындарының, отандық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты. Р.Өтеев ҚМГ негізгі кен орындарында тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарды жүргізу және технологиялық сын-қатерлер жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысты ғылыми қауымдастықпен жұмысты күшейтуге дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар кездесуде ҚМГ жасанды интеллектіні қолдану арқылы әзірленген өзінің цифрлық шешімдерін ұсынды, соның ішінде ABAI интеллектуалды кен орны платформасы және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған TUMAR жүйесі бар. Бұдан бөлек, KMG.AIAN жұмысы таныстырылды. Бұл отын балансын басқару тиімділігін арттыруды, жеткізу тұрақтылығын, отын дағдарысы тәуекелдерін барынша азайтуды және басқару шешімдерін қолдауды қамтамасыз ететін, еліміздегі мұнай өнімдерінің тапшылығы мен профицитін талдау мен болжауға арналған құрал.

Өз кезегінде, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ортақ жұмыстың маңызына тоқталды.

— Бүгін біз ғылым, жасанды интеллект және индустрияны ұштастырған біртұтас өндірістік жүйені құрып жатырмыз. Қазақстанда қосылған құны жоғары өнімдерді жасауға бағытталған жобалар іске асырылуда. Бұл процеске қолданбалы инженерлік міндеттерді шеше отырып, нақты өндірістік алаңдарда тағылымдамадан өтетін студенттердің қатысып жүргені ерекше маңызды. Бұл салаға теориямен емес, ел экономикасы үшін дайын шешімдермен келетін мамандардың жаңа буыны қалыптасып жатқандығын білдіреді, — деді С.Нұрбек.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ҒЗТКЖ, цифрландыру, дуалды оқыту және салада сұранысқа ие кадрларды даярлау бағытындағы ынтымақтастықтың тетіктерін пысықтау үшін бірлескен жұмыс топтарын құруға дайын екенін растады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>