Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстанда мұнай-газ химиясы өндірісін жаңарту тарихы

15.11.2023

Қазақстан тарихындағы бірінші полиэтилен өндіретін зауыт 1966 жылдың көктемінде Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) жұмыс істей бастады. Кәсіпорынның бастапқы қуаты – жылына 15 мың тонна. Қазан төңкерісінің 50 жылдығы атындағы Гурьев химия зауытында 1977 жылы Montedison компаниясының итальяндық технологиясы бойынша жылына 30 мың тонна өнім бере алатын алғаш полипропилен өндірісі іске қосылды. 80-шы жылдардың орта тұсында химия зауыты 20-дан астам өнім түрін өндірді: құйылмалы, экструзия және талшықты полипропилен маркалары, полиэтилен композициялары, катализаторлар, оттегі, сұйық азот және басқалар. Сонымен қатар, кәсіпорын халық тұтынатын тауарлар өндірісін де игеріп, 40-қа жуық бұйым түрлерін шығара бастады: пластикалық шелек, ожау, шыныаяқ, сабын салғыш, түрлі футлярлар және т.б. Өндіріс орнында мыңнан аса адам еңбек етті. 90-шы жылдардың басында «Полипропилен» акционерлік қоғамы болып қайта құрылған химиялық зауытта «Linde Group» компаниясының құрал-жабдығында жаңа өнім түрлерінің өндірісі жолға қойылды.

Өнімге арналған газ шикізаты алыстан тасымалданды. Сондықтан кеңес заманында-ақ зауыттың тиімділігін арттырып, оның қуатын жылына 60 мың тоннаға дейін жеткізу, халық тұтынатын тауар шығаратын, полиэтилен құбырларын, атактикалық полипропилен негізінде оралатын шатыр жабынын өндіретін жаңа цехтар ашу үшін әлдеқайда жақын орналасқан Теңіз кен орнынан пропан газын жеткізу жоспары жасақталды. Алайда, КСРО ыдырағаннан кейін экономикалық байланыстар үзілді, зауыт құлдырап, банкротқа ұшырады.

2000 жылы зауыт қайта іске қосылды, бірақ аз уақыт қана жұмыс істеді — электр көздеріне бағаның үш есе қымбаттауына байланысты (бір киловатт-сағаттың құны 3 теңгеден 10 теңгеге дейін өсті) кәсіпорын әрі қарай жұмысын жалғастыра алмады.

Кәсіпорын үшін 2004 жыл шешуші болды, сол кезде архивтерден жылына 30 мың тоннадан 60 мың тоннаға дейін өнім қуатын ұлғайту жөніндегі бұрынғы жоспарлар шығарылды, оған қоса Теңіз кен орнынан газ жеткізу мәселесін Үкімет деңгейінде шешуге үміт пайда болды. Қазақстандық «Sat&Company» АҚ құрылтайшылары тәуекел етіп, бұрынғы иелерінен химия зауытын сатып алды. Кейін «SAT&Company» АҚ «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-мен бірге полипропилен мен полиэтилен шығару бойынша әлемдік деңгейдегі өндірісті ұйымдастыру үшін «АТОЛЛ» АҚ бірлескен кәсіпорнын құрды. Қазіргі атауы – «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС. (2013 жылы «Sat&Company» компаниясының KPI-дегі үлесін басқа компания сатып алды). «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының тапсырысы бойынша жаңа жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Соны негізге ала отырып, жаңа жер учаскесінде 2006 жылдан бастап жаңа химия кешенінің құрылысы жоспарланды.

Осылайша, Атырау облысында полипропилен өндіретін ірі жобаны салу жұмыстары басталды. 2022 жылдың қараша айында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жылына 500 млн тонна өнім өндіруге қауқарлы тәуелсіз Қазақстанда жаңа және алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін іске қосты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>