ҚМГ басшысы Атырау облысындағы негізгі мұнай-газ химиясы жобаларының іске асырылу барысын тексерді
10.07.2026
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары кезінде жылына 1,25 млн тоннаполиэтилен өндіретін «Силлено» зауытының құрылыс алаңына барды.
Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде мұнай-газ-химиясы кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында іске асырылуда және Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі саласындағы ең ірі нысандардың бірі.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары екі негізгі технологиялық қондырғыда жүріп жатыр. Жобаның ілгерілеу көрсеткіші 32%құрады. Барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде.
Этилен өндірілетінпиролиз қондырғысындақада қағу жұмыстары аяқталып, іргетас құю жұмыстары (42%) жалғасуда. Құбыр эстакадаларын орнатуға арналған құрастырмалы темірбетон конструкцияларын монтаждау (55%) жүргізіліп, металл конструкцияларын монтаждау және технологиялық құбырларды алдын ала дайындау басталды.
Екінші негізгі қондырғы — полимерлеу алаңында, сондай-ақ зауыттың жалпы шаруашылық нысандарын салу бойынша жер жұмыстары аяқталды, қада қағу (61%) және іргетас құю жалғасуда.
Тоғыз бірліктен тұратын ірі тоннажды жабдықтың алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді. АтырауНефтеМаш жергілікті кәсіпорнында жасалған ірі бағананы зауыттың құрылыс алаңына тасымалдау жұмыстары жалғасуда.Бағананың биіктігі 102 метрге жетеді, бұл – 30 қабатты үйден жоғары, салмағы шамамен 1,5 мың тонна.
Ауқымды құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаннан бері еңбекті қорғау саласындағы маңызды көрсеткіш — өндірістік жарақатсыз және жұмыс уақытын жоғалтусыз (LTI)5 миллион адам-сағат тіркелді.
Бүгінде алаңда 2 400-ден астам адамеңбек етіп,300 арнайы техника жұмылдырылған.
Жобаны іске асыруда қазақстандық қамту үлесін ұлғайтуға ерекше назар аударылып отыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының негізгі көлемін отандық мердігер ұйымдар орындауда. Зауытты пайдалануға беру және алғашқы өнімді шығару 2029 жылға жоспарланып отыр.
Көптеген салада кеңінен қолданылатын шикізат — полиэтилен өндірісі Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтып, қосылған құны жоғары өнім өндіруді дамытуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, А.Хасенов ірі мұнай-газ химиясы жобаларын іске асыру мәселелеріне арналған жиын өткізіп, Теңіз кен орнында салынып жатқан Газ сепарациялау кешенінің(ГСК) және магистралды этан және пропан құбыржолдары құрылысының қазіргі жағдайы туралы есепті тыңдады. Бұл жобалар болашақ газ-химия өндірістеріне шикізат жеткізуді қамтамасыз етеді.
Бүгінде ГСК құрылыс алаңында 11 мыңнан астам қада қағылып, болашақ өндірістік нысандардың іргетасын құю бойынша жұмыстар басталды. Жобаның жалпы ілгерлеу көрсеткіші 19% асты.
Сонымен қатаржергілікті қамту үлесін арттыруғабағытталған шаралар қолға алынған - жабдықтар мен құрылыс материалдарының бір бөлігі отандық кәсіпорындарда жасалып жатыр. Бұған дейін пропан сақтайтын буллиттері, электр энергиясын тарату станциялары, сыртқы жабыны бар құбырлар, қадалар және басқа да жабдықтар жасауға тапсырыстар берілді. Бұдан басқа, әрқайсының ұзындығы 27 метржәне салмағы 80 тоннадан асатын екі технологиялық бағана, сондай-ақ 14 қысымды ыдыс қазақстандық зауытта дайындалады.
Қазіргі кезде құрылысқа 2 мыңнан аса адам жұмылдырылды, оның 75% көбі — Атырау облысының тұрғындары.
Магистралды этан және пропан құбыржолдарының құрылысыжобасы бойынша құжаттарды әзірлеу белсенді жүргізілуде.
Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алынған соң, мердігер ұйымдар құрылыс алаңына шығып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастайтын болады.