Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» кадрлық тағайындау туралы хабарлайды

06.09.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тасымалдау және логистика департаментінің директоры болып Ерболат Меңдібаев тағайындалды.

Е.Меңдібаев 1988 жылы В.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Машина жасау технологиясы. Инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдады. 2022 жылы И.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университетінде мұнай-газ бизнесін басқару бойынша MBA дәрежесіне ие болды.

Еңбек жолын 1988 жылы «Каспий маңы тау-кен металлургия комбинаты» өндірістік бірлестіктің жөндеу-механикалық зауытында (Ақтау қ.) бастап, онда токарь, шебер және инженер-технолог болып еңбек етті.

1993-1996 жылдары – МАЭК Жөндеу зауытында (Ақтау қ.) слесарь-жөндеуші, инженер-технолог.

1996-2022 жылдар аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ жүйесінде түрлі қызметтер атқарды. Атап айтқанда, Батыс филиалында – инженер, жетекші инженер, тауар тасымалдау бөлімінің бастығы; ҚТО-да менеджер, бас менеджер, тауар тасымалдау операциялары жөніндегі департамент директоры; Шығыс филиалында тауар-көлік операциялары жөніндегі директордың орынбасары, Бас диспетчерлік орталықтың директоры, бас директордың орынбасары – «Мұнай тасымалдау басқармасының орталығы» филиалының директоры болды.

Соңғы қызметке тағайындалуға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай тасымалдау басқармасын басқарды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>