Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа бас директоры тағайындалды

10.01.2024

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры қызметіне Ғалымжан Жусанбаев тағайындалды.

Ғ.Жусанбаев мұнай өңдеу және мұнай-химия саласында басшылық қызметтер атқарған. Әр жылдары Н.Н.Семенов атындағы Химиялық физика институтында (Мәскеу қ.), ҚР Қаржы министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ирандағы елшілігінде кеңесші-елші (экономика бағыты, мұнай өңдеу және мұнай-химия салалары бойынша) болып жұмыс істеді. Шымкент, Атырау және Ақтау қалаларында мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау және өңдеумен айналысатын бірқатар компанияны басқарды. Қазақстандағы мұнай-химия өндірісін дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Еске сала кетейік, соңғы кездері Атырау мұнай өңдеу зауытының «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен тығыз ынтымақтастығының нәтижесінде кәсіпорын қызметінде оң өзгерістерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, мұнай өңдеу және мотор отынын шығару көлемі артты. К-5 класындағы АИ-92 бензинін (ЕВРО-5 стандартының аналогы) өндіру жолға қойылды. Авиакеросин өндіру көлемі ұлғайып, каталитикалық крекинг қондырғысы 300 т/сағ жобалық қуатына шығарылды. Электр энергиясын техникалық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі енгізіліп, шығындарды азайту және кәсіпорынның экологиялығын арттыру мақсатында резервуарларға 6 понтон орнатылды.

Кәсіпорынның операциялық тиімділігін арттыру үшін қажетті шаралар іске асырылуда. Зауытты электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету үшін газтурбиналық электр станциясын салу жобасы қолға алынды. «Tazalyq» экологиялық жобасының екі кезеңі және булану алаңдарының екі секторын рекультивациялау жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ кәсіпорын ұзартылған жөндеуаралық кезеңге өту шараларын жүзеге асыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>