Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен Nakkas Holding өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады

29.10.2026

Анкара қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Nakkas Holding» Директорлар кеңесінің басшысы Рамазан Өзтүрікпен кездесті.

Тараптар инвестиция тарту, сондай-ақ геологиялық барлау, көмірсутектерді тасымалдау мен өңдеу, мұнай өнімдерін өткізу, жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту және экологиялық авиаотын өндіру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

А.Хасенов ҚМГ қызметінің негізгі басымдықтарын, соның ішінде еліміздің ресурстық базасын молайту, өндіру тиімділігін арттыру, экспорттық бағыттарды әртараптандыру, мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды, сонымен қатар тұрақты даму қағидаттары мен энергияны үнемдейтін шешімдерді таныстырды.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Түркияның энергетика секторын дамытуға ықпал ететін негізгі бағыттар бойынша белсенді жұмыс жүргізуге дайын екенін білдірді.

Анықтама:

«Nakkas Holding» - штаб-пәтері Стамбулда орналасқан Түркия холдингі. Мұнай және мұнай өнімдері, ЖЭК, өнеркәсіптік инвестиция және тау-кен өнеркәсібі сияқты секторларда 40 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан 20-дан астам кәсіпорынды біріктіреді. Атап айтқанда, холдингтің құрылымына жанармай құю станциялары мен отын терминалдары желісін басқаратын ірі оператор - «ALPET» кіреді. Бұдан бөлек, компанияның Анталиядағы Жерорта теңізі отын терминалында өз үлесі бар. «Saves Enerji» еншілес компаниясы арқылы холдинг жасыл энергетика саласындағы жобаларды дамытып келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ