Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Президент атынан сала ардагерлеріне және ҚазМұнайГаз компаниялар тобының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді

05.09.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да кәсіби мереке — мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне орай сала ардагерлеріне және ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсыру салтанаты өтті. 

Іс-шарада ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстанның мұнай-газ секторының қалыптасуына еңбек сіңірген ардагерлерге ілтипатын білдірді. Ол саладағы бүгінгі жетістіктер — аға буын салып кеткен сара жолдың жалғасы екенін атап өтті. ҚМГ компаниялар тобының мыңдаған қызметкерлерінің қажырлы еңбегі мен ауызбіршілігінің арқасында еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі нығайып келеді.

— Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен табыс етілген мемлекеттік наградалар — бұл ұзақ жылғы адал еңбекке берілген лайықты жоғары баға, — деді Асхат Хасенов.
 
Атап айтқанда, «Парасат» орденімен Өтеев Есен Оғланұлы марапатталды. 

«Құрмет» орденінің иегерлері: 

Әліпбаев Саятай Сейдалыұлы — ҚМГ мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаментінің директоры; 

Мұхитов Қайрат Болатұлы — «KMG-Security» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары; 

Меңдібаев Ерболат Танашұлы — ҚМГ тасымалдау және логистика департаментінің директоры; 

Әшімов Дамир Ағыланұлы — «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС бас директоры; 

Мұсаев Дәулет Жұмабайұлы — ҚМГ газды дайындау және өңдеу басқармасының бастығы.

«Еңбек Даңқы» ІІІ дәрежелі ордені: 

Мұқанбетқалиев Сабырғали — «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС еңбек ардагері; 

Байжанов Ілесбек Сейітұлы — «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС еңбек ардагері;

Жақсыбаев Абдурахман Аббасұлы — «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС еңбек ардагері;

Ордиев Берік Шахзадаұлы — «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС еңбек ардагері;

Мырхайдаров Мұхтар Бахадүрұлы — «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС №1 технологиялық цехының механигіне табысталды.
 
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері: 

Мырзағалиева Жансая Сайлауқызы — «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС геология департаментінің директоры;

Нұрашов Мирас Жақсылықұлы — «Қазгермұнай» БК» ЖШС мұнай және газ өндіру департаменті газды дайындау және тасымалдау цехының 6-разрядты технологиялық қондырғылар операторы; 

Максимов Сергей Александрович — «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС еңбек ардагері; 

Өтеулиев Сенбек Ташкенбайұлы — «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС еңбек ардагері;

Мартынов Владимир Вячеславович — «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС еңбек ардагері. 

Жалпы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін  ҚМГ компаниялар тобының 61 еңбек ардагерлері мен қызметкерлері мемлекеттік наградаларға ие болды.

Сонымен қатар салтанатты іс-шара барысында ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлеріне мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Энергетика министрлігінің ведомстволық медалі, «KAZENERGY» медалі, ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі, ҚМГ естелік белгісі, ҚазМұнайГаздың «Еңбек сіңірген мұнайшы», «Үздік мұнай өңдеуші» және «Үздік мұнайшы» төсбелгілері, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және ҚМГ-ның құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>