Павлодар мұнай-химия зауытындағы жоспарлы алдын алу жұмыстары туралы
24.08.2026
Мұнай өнімдерінің тұрақты өндірісін қамтамасыз ету және маусымдық сұраныс жоғары болатын кезеңде мұнай өнімдерін ішкі нарыққа үздіксіз жеткізу мақсатында, сондай-ақ жергілікті деңгейде жанармай тапшылығының туындау тәуекелін азайту үшін Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары 2026 жылдан 2027 жылға ауыстырылды.
Айта кетсек, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ отандық мұнай өңдеу зауыттарының сенімділігі мәселелерін жіті назарда ұстайды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Шымкент мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуге тоқтамай, үздіксіз жұмыс істеуін көздейтін үш жылдық жөндеуаралық циклге көшті. Бұдан бөлек, Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттарында кеңейтілген жөндеуаралық кезеңге көшу жұмыстары жан-жақты жүргізілуде.
Сонымен қатар зауыттардың өндірістік қуатын кеңейту іс-шаралары жүзеге асырылуда: қазіргі уақытта Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін және Павлодар мұнай-химия зауытының қуатын жылына 6 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін ұлғайтудың жобалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.
Жалпы, стратегиялық жобалар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады.