Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Жыл басынан бері Ақтау портынан экспортқа жөнелтілген қазақстандық мұнай көлемі 54%-ға артты

16.11.2023

2023 жылғы қаңтар-қазан айларында «ҚазТрансОйл» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы) Ақтау портынан экспортқа қазақстандық мұнайдың 2 млн 800 мың тоннасын жөнелтті, бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 981 мың тоннаға немесе 54%-ға артық.

Атап айтқанда, Ақтау портынан Баку портына тасымалданған мұнай көлемі 964 мың тоннаға артып, 1 млн 123 мың тоннаға жетті. Ақтау портынан Махачкала портына 1 млн 676 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді, бұл 2022 жылдың 10 айымен салыстырғанда 17 мың тоннаға көп.

2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сай «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзербайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 млн тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>