ҚМГ-да үздік ұлттық киім таңдалды
18.03.2025
ҚазМұнайГазда «Ұлттық киім күні» аясында байқау өтті. Іс-шара еліміздің мәдени мұрасының жарқын көрінісі болды. Байқауға қатысушылар креативті әрі ұлттық нақыштағы 13 киім үлгісін ұсынды. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Оларды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Аппарат басшысы Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы марапаттады.
- орын — Зарина Серғазина
- орын — Динара Сибанова
- орын — Әйгерім Рахимова
Көрермен көзайымы сыйлығы Роза Гимранова мен Мақсот Сүйесіновқа бұйырды.
Ұлттық киімді насихаттауға бағытталған байқауға қатысқан әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!