Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кадрлық тағайындау туралы хабарлайды

01.06.2023

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Бас директоры болып Қанатбек Қасымғалиев сайланды.

Қ.Қасымғалиев И.М. Губкин атындағы Мұнай және газ университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдады. «Мұнай-газ бизнесін басқару» бойынша МВА дәрежесіне ие.

Қ.Қасымғалиев 2023 жылдың наурыз айынан бастап «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.

Ол әр жылдары «Ембімұнайгаз» АҚ-та мұнай және газ өндіру бөлімінің бастығы, мұнай және газ өндіру департаментінің директоры, кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директор, өндіріс жөніндегі бас директордың орынбасары болып қызмет етті; «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры қызметін атқарды.

Еңбек жолын 2001 жылы «Қазақойл-Ембі» ААҚ-та Қаратон кен орнында мұнай және газ өндіру операторы болып бастады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>