ҚМГ мұнай сервисі сапасын арттыруда: Мұнайтелеком халықаралық стандартқа сәйкестігін растады
06.04.2026
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес мұнай сервисі компаниясы — «Мұнайтелеком» Америка мұнай институтының аудитінен сәтті өтіп, API Spec Q2 сертификатын алды.
API Spec Q2 — бұл Америка мұнай институтының (American Petroleum Institute) мұнай-газ саласына қызмет көрсететін ұйымдардың сапа менеджменті жүйелеріне қойылатын талаптарды анықтайтын халықаралық стандарты.
— Бұл сертификатты алу Мұнайтелекомның өз жұмысын үздік халықаралық практикаларға сәйкес екенін растайды. Біз отандық сервистің бәсекеге қабілетті, сенімді әрі кез келген күрделі міндеттерді орындауға дайын екенін дәлелдедік, — дейді «Мұнайтелеком» ЖШС Бас директорының міндетін атқарушы Сәбит Құлсариев.
Бұл ҚМГ мұнай сервисі бөлімшелері арасындағы екінші API Spec Q2 сертификаты. Бұған дейін осындай құжат «Маңғыстауэнергомунай» компаниясына берілген болатын. Биыл басқа активтерді сертификаттау жұмысы жалғасады.
Айта кетсек, ҚМГ инфрақұрылымды жаңғыртуға және операциялық тиімділікті арттыруға бағытталған мұнай сервисі блогын дамытудың кешенді бағдарламасын іске асыруда. Негізгі міндеттердің қатарында — сервистік активтердің шығынсыз болуына қол жеткізу, процестерді автоматтандыру, сондай-ақ арнайы техника мен өндірістік базалар паркін жаңарту.
Анықтама:
«Мұнайтелеком» ЖШС
— мұнай-газ саласы үшін байланыс, телекоммуникация, автоматтандыру және метрология бойынша қызметтер көрсетуге маманданған ҚазМұнайГаздың еншілес сервистік ұйымы. Компания ҚМГ бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қолдаумен және оларға қызмет көрсетумен айналысады.