Moody's Ratings «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кредиттік рейтингін «Baa1» деңгейіне көтерді, болжам «Тұрақты»
13.09.2024
2024 жылғы 11 қыркүйекте Moody's Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі ҚМГ кредиттік рейтингін «Baa2»-ден «Baa1»-ге дейін көтерді, болжам «тұрақты» деңгейіне өзгертілді.
Кредиттік рейтингтің жоғарылауы Қазақстан Республикасының егеменді рейтингінің жоғарылауына, компанияның мемлекет үшін стратегиялық маңыздылығына, компанияның меншікті кредит қабілеттілігінің орнықты көрсеткіштеріне, қарыздар бойынша төлемдердің қолайлы кестесіне және өтімділіктің жеткілікті деңгейіне байланысты.
Moody's Ratings рейтингтік агенттігінің пресс-релизінің толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: Ratings.Moodys.com/ratings-news/428181